Мереке күндері Қазақстанның шығысында -40 градусқа дейін күн салқындайды

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – 2018 жылғы 29 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында Қазақстанның шығысында -40 градусқа дейін күн салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы екі күнде Қазақстан аумағынан өтетін ауа ағындарына байланысты солтүстік, орталық және шығыс облыстарға қар жауады, боран соғып, ауа температурасы көтеріледі. Бірақ 31 желтоқсанда күн қайта суытып, Жаңа жыл түнінде ауа температурасы минус 25-30 градусқа, кей жерлерде минус 33-38 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Республика шығысында 2 қаңтар күні кей жерлерде 40°С аяз болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда да қар жауып, көктайғақ болады.
«Жаңа жыл мекересінде ауа температурасы минус 3-8, кей жерлерде 15-20°С аяз болады. Батыс өңірлерде Жаңа жыл түнінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, ауа температурасы жылдық орташа климаттық межеге жуық болады», - деп атап өтті синоптиктер.

adimage