Меруерт МАХМҰТОВА, Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры: «ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУГЕ ҚЫЗЫҚПАЙДЫ; БҰЛ ОНЫҢ МҮДДЕЛЕРІНЕ САЙ ЕМЕС»

 

Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ – Кемар Машанло. Мемлекет мүгедектердің қажеттіліктерін бюджеттен қаржыландыруды тұрақты түрде арттырып отырғанына қарамастан, халықтың осы әлеуметтік әлсіз категориясының проблемалары көбінесе шешілмей қалады. Бұл жерде біздің өндірушілеріміз шығарған ыңғайсыз протездер; тұтынушылардың протездік-ортопедиялық кәсіпорындардан алшақ орналасуы және ақшаны мекен-жайына аудару бойынша реттеуді талап ететін мәселе және т.б. бар. Мұндай жағдайдың себебі неде, қазақстандық мүгедектердің халі неге мүшкіл? Осы және өзге де сұрақтарға Қоғамдық мәселелерді сараптау орталығының директоры Меруерт Махмұтова жауап берді.

 

- Меруерт Мәуітханқызы, сіздің Орталық мүгедектерге көрсетілетін арнайы қызметтердің сапасы, протездік-ортопедиялық және есту протездері салаларындағы кәсіпорындарды тиімді басқару мәселелерін зерттегені белгілі. Жасаған қорытындыларыңыз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін жарады ма?

 

- Жоқ, жараған жоқ! Біз зерттеуді 2009 жылы мемлекеттік сатып алулардың нәтижесі бойынша қол қойылған келісімшартқа сәйкес жүргіздік. Алайда біз өз міндеттерімізді орындап, есебімізді тапсырғаннан кейін, министрлік себебін еш түсіндірместен, келісімшартты бұзды. Бірнеше рет естеріне салғаннан кейін ғана олардан зерттеуімізге наразылықтары жазылған хаттаманы ала алдық. Бұл наразылықтардың өзі негізсіз. Мысалы, зерттеуге протездік-ортопедиялық және есту протездері салалары мамандарының тартылмағаны олардың көңілдерінен шықпаған. Алайда мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде министрлік мұндай талап қоймаған. Біз тендерге қатысу барысында командамыздың мүшелерінің түйіндемелері мен дипломдарының көшірмелерін қоса салған болатынбыз, осыған байланысты министрлік бізбен келісімшартқа қол қоя отырып, зерттеуді кім жүргізетінін білді.

Мына жағдай да түсініксіз: министрлік «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтер» 023 бюджеттік бағдарламасына әкімші болып табылады, бұл бағдарлама бойынша жыл сайын Республикалық тәжірибелік протездеу орталығына (РТПО) 30 миллион теңге қаржы бөлінеді, жарғысына сәйкес, орталық Қазақстанда және шетелде протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді зерттеу және даму деңгейіне сараптама жасауға міндетті. Алайда РТПО бұл міндеттерді орындай алмай отыр, ал министрлік жыл сайын бюджеттен қаржы алып, оның тиімсіз жұмсалып жатқанына үнсіз. Егер РТПО мұндай зерттеулермен айналысса, біздің зерттеуімізді жүргізудің қажеті туындамайтын еді.

Біз министрлікпен бір жыл бойы соттасып жатырмыз. Қазір соңғы инстанция – Жоғарғы сот қалды. Зерттеуіміздің нәтижесін Қазақстан қоғамының, бұл мәселелердің тікелей қатысы бар мүгедектердің құлағына жеткізу маңызды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты арналған адамдар тобына жеткені маңызды, аса әлсіз топтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, мемлекеттің қорғауына алу қажет.

 

- Сіз еңбек министрлігі жұмыс істеп жатқан өткір проблемаларды да зерттедіңіздер. Ведомствоның сіздермен ынтымақтастықтан бас тартуына мүдделер қақтығысы себеп емес пе?

 

- Біз де осындай қорытындыға келдік. Біздің түсінуімізше, олардың біздің жұмысқа берген бағасына бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Фарид Әбдрәсіловтың пікірі әсер еткен, ол Алматыдағы протездік-ортопедия орталығын (АПОО) 14 жыл бойы басқарған, ал қазір АПОО президентінің кеңесшісі болып табылады. Бұл - саладағы ең тиімсіз кәсіпорын, соңғы 5 жылда оның бюджеті мемлекеттік тапсырыс есебінен 1,5 есеге артты, ал протез алған мүгедектердің саны бұл уақытта екі есеге азайды! Біз өз есебімізде осы фактіні де атап көрсеттік.

Біздің есепке қанағаттанбаған министрліктің жауапты хатшысы: «Сіздер бұл зерттеуді жүргізуге Әбдірәсіловты шақырсаңыз, ол сізге бәрін керемет жазып беретін еді, ал сіздер мұндай зерттеуді өздеріңіз жүргізе аламыз деп шештіңіздер, осыған байланысты жұмыстарыңызды қабылдамаймыз», деп мәлім етті. Біздің ойымызша, мұның бәрі мүдделер қақтығысына ұсқайды. Министрлік тендер жариялағанда объективті зерттеуге мүдделі екен деп ойлаған едік.

Біздің зерттеуіміз барысында анықталғандай, саланың тиімсіздігі салдарынан құқықтары бұзылып отырған мүгедектердің мүдделерін ескерудің орнына министрлік өзінің қарамағындағы кәсіпорындарды қорғаштап отыр. Осылайша, ведомство мүгедектерді әлеуметтік қорғаумен айналысып, протездеу қызметтеріне қолжетімділікпен қамтамасыз етуге тиіс екенін ұмытып, тар ведомстволық мүдделерді ғана қорғап, протездеу орталықтарының кірісін қалыптастыру саясатын ғана қолдап шықты. Іс жүзінде министрлік саладағы кәсіпорындарды басқару функцияларын атқармай отыр: саланы дамыту жоспарын жасау, дивиденд төлегеннен кейінгі кірісті өндірісті кеңейтуге қайта инвестициялау тәжірибесі жоқ, аймақтарда шеберханалар ашылмаған, бұл саланы басқару тиімділігін төмендетеді. Біз жүргізген зерттеу бюджеттен бөлінетін қыруар қаржының тиімсіз жұмсалатынын, ақырғы алушыға жетпейтінін көрсетіп берді.

 

- Бюджет қаржысы бөлінген адамға жетпесе, қандай жолмен және қайда жұмсалып отыр?

  

Нақты мысал. Қазақстанда министрліктің бұл салада тікелей басқаратын бес кәсіпорны бар. Протездеу кәсіпорындарына облыстар тіркелген, бірақ бұл жүйесіз жасалған: Алматыдағы протездік-ортопедия орталығының бір өзінде сегіз облыс пен Алматы қаласы тіркелген, ал бұл өңірлерде 10 миллион адам тұрады. Мәселе осыдан шығады. Олар жыл сайын «бір көзден» қағидасы бойынша, яғни баға ұсынысы негізінде ғана келісімшарттарға отырады. Ойлаңызшы, Батыс Қазақстанда тұратын АПОО-ға тірклеген мүгедек үш тәулік бойы поезбен Алматыға қалай жетеді? Біздің заңнамада әуе билетіне кеткен шығынды өтеу қарастырылмаған, тек плацкартқа ғана кеткен шығынның орны толтырылады! Осының салдарынан адамдар заң бойынша берілуге тиіс және бюджеттен қаржыландырылған қызметті пайдалана алмайды. Мысалы 2008 жылы АПОО мұқтаждардың 50% ғана протезбен қамтамасыз еткен. Мүгедектердің келуін жеңілдету үшін үш облыста АПОО-ның филиалы да жоқ.

Сондықтан да қаржыландыру көлемі мен табысы АПОО-да жыл сайын өсіп отыр, тек біз тексерген 2005-2008-ші жылдары (акционерленген соң) АПОО-ның таза кірісі 95 млн теңгені құраған. Акциялардың мемлекеттік пакетіне дивиденттерді төлеген соң АПОО қарамағында 64 млн теңге қалыпты. Бұл ретте егер 2007-ші жылы протез кәсіпорындары акциялардың мемлекеттік пакетіне таза кірісінің 50%-ын дивидент төлеуге жіберетін болса, кейін бұл үлес 15%-ға дейін төмендетілді.

Үкімет қаулысында протез кәсіпорындарында қалған таза кірісті материалдық-техникалық базаны дамытуға бағыттауды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қамтамасыз етуі тиістілігі атап көрсетілген. Оны олар қайда жаратқаны үлкен құпия, себебі АПОО 1994-ші жылдан бері жабдықтарын жаңартпапты. Содан келіп протездердің сапасының да нашарлығы да таңдандырмайды. Мұның барлығы министрліктің тікелей қатысуы арқасында жүріп жатыр, себебі вице-министр осы барлық үш протез орталықтарының директорлар кеңесінің төрағасы, олардың жылдық есебін тыңдап, бекітіп отыратын да сол.

Көптеген мүгедектер отандық протездерді пайдалану өз еркіңмен өзіңді азаптау дейді. Олар ауыр, бекіткен жерлері батып, ойық түсіреді. Сондықтан кейбіреулер көптен күткен қызметті алған соң да, «бұйымды» мейлінше пайдаланбауға немесе өте сирек пайдалануға тырысады.

  • «Неге мемлекетке ақшаны тікелей қызмет тұтынушыларға аудармасқа?», деген

сауал туындайды.  

  • Еңбек министрлігінің алдына біздің зерттеулер тікелей осы мәселені қойып отыр.

Біз протез орталықтарын қаржыландыру принципін өзгертуді ұсынамыз. Яғни тұтынушыға осы мақсатқа арнайы ваучер беру арқылы қалауын өз еркіне қалдыруды ұсынамыз. Мүгедектің өзі қай жерде протез жасатса да, еркінде болуы керек. Мұндай жағдай қазір еліміздің солтүстік-шығысында бар, себебі онда төрт протез орталығы бар. Сол кезде протез орталықтарында өндірісті дамытуға деген ынта оянып, олардың өнімін сатып алуға келген әрбір мүгедек-клиентке қызығушылық туындар еді. Әзірге жаңа пайда болған акционерлер бір қолымен мүгедектердің мұқтаждығына деп бюджет қаражатын алады, екінші қолымен дивиденттерді үлестіреді...

 

- Сіз «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңның орындалуын қалай бағалайсыз?

 

- Үкімет үшін «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңның орындалуына қатысты біздің берген ұсыныстарымыз сөзсіз қызық. «Үкімет үшін» деп айтып отырғаным, мұндай нәрселер, өкінішке қарай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жетпейді.

Медико-әлеуметтік мекемелердегі тұлғалардың зейнетақысы мен жәрдемақысы сияқты ауыр мәселе бар. Ол баспа беттерінде бірнеше рет көтеріліп, барлық тараптан да ескерту алып жатады. Ол неге байланысты? Заңды іс жүзіне асыру аясында қабылданған әлеуметтік қызметтің типтік ережелерінде, медико-әлеуметтік мекемелердің басшыларына қамқоршы және қорғаушы органдардың алдын ала берген рұқсатымен қамқорындағының қаражатын жарату мүмкіндігі сынды осындай әлеуметтік-экономикалық қызметтер түрі бекітілген.  Мұның барлығын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен және әділет министрлігінде тіркелген. Бірақ, онда бұйрық пен оның қосымшаларын оқымаған да сияқты.

Біздіңше бұған жол беруге болмайды, себебі бұл жемқорлық бұзушылықтарға жол ашады. Біз мұны өз зерттеулерімізде атап көрсетіп, мәселені шешудің басқа жолын ұсынамыз. Осындай медико-әлеуметтік мекемелерде жатқан тұлғалардың конституциялық құқықтарына тікелей байланысты сезімтал мәселе үшін, біз бірқатар елдердегі осындай жағдайды зерттедік. Мысалы, Латвиядағы әріптестерімізден олардың әділет министрлігінен тиісті заң алдық. Онда ұзақ уақыт мемлекет қарамағында күтіліп жатқан тұлғалар өздерінің зейнетақысы мен әлеуметтік жәрдемақыларының  10%-ын жеке мұқтаждықтарына жаратуға құқығы бар деп айтылған. 2009-шы жылдың 1-ші шілдесіне дейін бұл сома 15%болған. Басқасының барлығы бюджетте қалады. Бұл оларда «Әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек туралы» заңда Конституциялық сотпен алдын ала үйлестіріліп, көрсетілген.

  • Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету лицензияланады ма?
  • Медико-әлеуметтік мекемелерді лицензиялаумен байланысты проблемаларды

көрсете отырып, біз осы зерттеулерімізде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұстанымының қате екендігін көрсетіп, экономика министрлігіне жазылған хатта арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық түріне лицензиялауды алып тастау ұсынылған.

Біздіңше, аталған қызмет түрлерінің барлығына лицензияны алып тастау туралы шешім дұрыс емес, себебі арнайы әлеуметтік қызмет түріне әсерлі бақылау тетігі жоғалады. Мүгедектерге өз құқығын қорғау қиын екендігін ескере отырып, оларға қызмет көрсететіндерді лицензиялау керек. Бұл жерде велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Әлеуметтік қызмет түрлері Канадада, Германия, Италия, Испания, Шотландия, Швеция, Ресейде лицензияланады. Лицензияланған қызмет көрсетушілер әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, мекемелерінің Реестріне енгізіледі.  

Жарты жылда біз ауқымды жұмыс көлемін атқардық. Біздің ұсыныстарымыз жүйелі сипатта болып, ауқымды мәселелерді қамтиды да әлеуметтік қызметтің бірқатар проблемаларын шешуге көмегін тигізеді, тек оған құлақ асу қажет...

Бір кездері бір әулие былай деп айтқан екен. Мейірімділік - ұлы іс, ол Құдайдың сыйы. Егер оны дұрыс қолдансаңыз сіздің өзіңізді мүмкіндігінше Құдайға жақындатады, деп...  Бәлкім науқас баланың, тұрмысы төменнің, мүгедектің тағдырын шешетін кейбір шенеунікке сол жетіспей тұрған болар?

  • Мен қарапайым айтайын: әрбір адам өзінің қызметін мүлтіксіз атқұаруы тиіс. Әрине – аяушылық та қажет.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage