Мейірбек Молдабеков: Байқоңырдағы «Байтеректі» жөнге келтіруге кем дегенде бес жыл керек

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ - Владимир Радионов. Жақында өткен ТМД-ға мүше елдерінің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған VII кеңесінде белгілі болған ресейлік-қазақстандық бірлескен жоба – «Байтерек» зымыран кешенін қайта қолға алу Қазақстанды орбитаға өздерінің апараттарын жібере алатын толыққанды ғарыштық держава мәртебесіне жақындатты.
Отандық ғарыш саласының бүгінгі жай-күйі туралы білу мақсатымен, біз ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төраға кеңесшісі Мейірбек Молдабековты сұхбатқа тартқан едік.

- Мейірбек Молдабекұлы, нақтысын айтқанда «Байтерек» қашан бастау алады?


- Кем дегенде бес жылдан соң. Ресейлік әріптестермен бірге «Байтерек» ғарыш кешенін «Байқоңыр» ғарыш айлағында құру жобасы сонау 2005 жылдан бастау алады, бірақ, өкінішке қарай біз жобалық жұмыстардан басқа алға жылжи алмадық.

- Оқырмандардың есіне салып кетейік, бұл жоба қалай басталды және қалай тоқтап қалған еді?

- Бұл кешеннің негізгі мақсаты өте улы зымыран отынын пайдаланатын ғарыштық «Протон» зымыран кешенін алмастыру еді. Ал «Байтеректе» ондай отын қолданылмайды. Екінші міндет – Байқоңырдағы жабдықтарды алмастыру еді. Ғарыш айлағындағы барлық кешен ең көбі он жылда моральдық тұрғыдан да физикалық тұрғыдан да тозығы жетеді, және ол екінші тынысын алу үшін оларды алмастырып отыру керек.
Бірақ Ресей жаңа ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылдап, біздің кешенге арналған зымыранды өздерінің аумағында падалану керек деп шешті. Сол себептен «Байтеректі» қолдағы бар, ресей-украиндық өндірістегі «Зенит» зымыранына бейімдеп, қайта жобалау керек болды. Бірақ, өкінішке қарай Ресей мен Украина ара-қатынасы нашарлап, ондай жоба да іске аспай қалды.
Қазір біз мүлдем жаңа ресейлік зымыранның негізінде жобаны аяқтамақпыз, ол зымыран «Сұңқар» деп аталады. Бірақ барлық жұмыстарды нольден бастау керек, себебі зымыран мүлдем жаңа – басқа, бұрын қол жеткізген нәтижелер керек болмай қалды. Жаңадан жобалау кем дегенде бес жылды қажет етеді – зымыранды пісіп жетілдіру, Байқоңырда оны ұшыратын нысандарды дайындауға.

- Жоба басқа ма? Ал оны қаржыландыру үлесі қандай болмақшы?

- Басында тең қаржыландыру туралы сөз болған: тараптар экономикалық нәтижеге мүдделі болуы үшін бірдей қаржы бөледі. Жобалық жұмыстардың нәтижесі бойынша сомасы нақтыланады, ал қазірше әңгіме $1 млрд туралы болып отыр.

- Жалпы алғанда ғарыш саласы өте қымбат болып тұр ма?

- 2005-2007 жылдарғы бірінші бағдарлама мен 2008-2014 жылдарғы екінші бағдарлама жеткілікті қаржыландырылды. Жалпы айтқанда 2008 жылдан бастап ғарыш саласына шамамен 200 млрд теңге бөлінді. Соның арқасында біз басқа елдер ондаған жылда өтетін жолды артта қалдырдық. Өкінішке қарай, былтырдан бастап экономикалық дағдарыс бізге де әсерін тигізіп, бюджеттен қаржыландыру жеткіліксіз болып, инфрақұрылым дамуы тежеуілдеп қалды. Ондай көрініс барлық елдерге де тән деп ойлаймын.

- Бәлкім, ондай нәтижеге Қазақстанның 1957 жылдан бері, алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылғаннан бастап, ғарыштық мемлекет ретінде болғаны септігін тигізген болар?


- Қазақстан Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін ғарыштық держава болды деу айту ерте шығар, ал Қазақстан ғарышты игерудің бесігі болғаны басқа әңгіме. Бірақ ол Қазақстан ғарышты зерттеумен айналысқан жоқ дегенді білдірмейді. Ол кезде Қазақстанда ғарыш кеңістігін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ол 70 жылдығын біз атап өткен астрофизикалық институт, 40 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ионосфера институты, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап жұмыс атқарып келе жатқан ғарыштық зерттеулер институты.
Сол кездері ғарышта жұмыс жасау кең етек ала бастады. Егер бұрын біз тек ғылыммен айналысқан болсақ, 2005 жылдан бастап ғарыш кеңістігін пайдалану мәселесімен де айналыса бастадық – Қазақстанда 2005-2007 жылдарға арналған ғарыштық жұмыстарды дамыту бағдарламасы қабылданды. Ғарыштық техниканы өндірудің жобалық жұмыстары орындалды, KazSat-1 бірінші байланыс спутнигі ұшырылды.
Толыққанды ғарыштық саланы құрудың нақты жұмыстары ҚР президентінің 2007 жылғы «Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» жарлығынан соң басталды. 2007 жыл мен 2014 жыл аралығында KazSat-2 мен KazSat-3 спутниктер және жердегі кешенді қамтитын ғарыштық байланыс жүйесі жасалды. Біріншісі Астанадан 100 км жердегі ақкөлдік кешен, резервтегісі – Алматының маңындағы Талғар ауданындағы кешен. Жердегі кешен ғарыштық аппараттарды басқаруға және телекөрсетілімдерді спутниктер арқылы таратуға мүмкіндік береді. Құрылған екінші жүйе - жерді қашықтықтан тексерудің ғарыштық жүйесі. Сонда да екі ұшқыш аппараттарының құрамында, оның бірі - 1 м дейін дәл бақылай алатын ажыратқыштығы жоғары Kaziosat-1 (әлемдегі ең нақты аппараттар бестігіне кіреді) аппараты және ажыратқышы орташа Kaziosat-2. Бұл жүйеге сондай-ақ, бұл аппараттарды басқарудың жер үсті кешені мен ғарыштан түсірілген суреттерді қабылдау, өңдеу және таратуға арналған кешен кіреді. Сонымен қатар ҚР жоғары дәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі бар. Бұл ГЛОНАСС жаһандық жерсеріктік жүйесі сигналдарының және американдық GPS көмегімен картография, жерді пайдалану, құрылыс, сондай-ақ әрине, қорғаныс мақсатында жоғары дәлдікті жайғастыру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін жерүсті инфрақұрылымы. Осы жүйелер құрыла отырып, жаңа технологиялар да қатар дамыды. Алғашқы екі жүйені – байланыс және бақылау – шетелден сатып алуымызға тура келді. Жерсеріктік навигацияға келсек, технологияны біздің ғалымдар әзірледі. Қазір тәжірибелі өндірісі бар арнаулы конструкторлық-технологиялық бюро құрылды, бір жылдан кейін ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешендері қосылады. Бұл бізге не береді? Ғылыммен біз КСРО кезінен бері айналысып келеміз, жобалық жұмыстарды технологияны беру барысында жасауды үйрендік, қазір жеке жобалық мекеме құрдық және өндіріс зауытын іске қосуды дайындап жатырмыз. Яғни енді бізде Қазақстанда ғылыми зерттеулердің, жобалық әзірлеме мен дайын өнім дайындаудың байланысты технологиялық тізбегі түрінде ғарыш саласының негізі құрылды. Осылайша ғарыш техникасы өндірісінің заманауи инфрақұрлымы құрылды деп айтуға болады.

- Ал кадрға қатысты жағдай қалай? Біз оларды өзіміз дайындаймыз ба?

- Кадрлар – бұл ең басты ресурс, себебі бұл жоғары біліктілікті талап ететін технологиялық сала. Бұл міндетпен біз 1994 жылдан бастап айналысқанбыз. Басында кадрларды Украинада және Ресейде дайындадық, сосын жастарды «Болашақ» президенттік бағдарламасы аясында алыс шетелдерге жіберуді бастадық, үшінші толқын – мамандар Франция мен Англияда тәлімдемеден өтеді: біздің инженерлер жергілікті мамандармен тең дәрежеде зауыттарда жұмыс жасады, тәжірибесін арттырды. Қазір Қазақстанның 4 университетінде – ЕҰУ, ҚазҰУ, ҚазҰТУ және Алматы энергетикалық университетінде – салаға қажет мамандарды біз өзіміз дайындап жатырмыз.


- Біздің болашағымыз қуантарлық па?


- Ғарыш қызметін дамытудың ең үлкен нәтижесінің бірі 2012 жылы ғарыш қызметі туралы заңның қабылдануы. Оны жүзеге асырып жатқан 4 жылда оны жетілдіру керек деген пікірге келдік. Атап айтсақ, ғарыш қызметінің өнімдері мен қызметін қолдануға қатысты тармақтармен толықтыру. Жүйе құру, жер серігін ұшыру – бұл істің жартысы, біз оны өзіміздің қандай ақылды екенімізді көрсету үшін емес, экономика міндеттерін шешудің заманауи құралы ретінде қолдану үшін. Бұл ретте заңнамада бәрі қамтылмаған болып шықты, сондықтан бізге экономикалық пайда келтіре отырып, жүйені барынша тиімді қолдану міндетін шешетін өзгерістер енгізуге тура келді.
Және бүгінде ғарыш байланысының жүйесі – бұл жылына 6 млрд теңге импорталмастыру. Өз жүйеміз болмағанда, 6 млрд теңге ғарыш саласының шетелдік операторларының қызметі үшін шетелдік компанияларды дамытуға кетер еді. Бұл жаңа жұмыс орындары, қызметкерлер біліктілігінің артуы, салық. Нәтижесінде біз бәсекелестерімізді емес, өзімізді дамытамыз. Ал енді жерді ғарыштан бақылау жүйесіне келсек, ол жылына 10 млрд теңге көлемінде өнім береді. Жерсеріктік навигация шамамен 400 млн теңге.

- Және соңғы сұрақ: біз үшін отандық ғарышкерлерді шығару мәселесі өзекті ме? Себебі бұл өте қымбат жоба ғой, ал сіз ақша жағы шектеулі деп отырсыз.

- Шын мәнісінде, ғарыш саласынан дамыған державалар ғарышкерлерін үш мақсатпен ұшырып жатады. Соның бірі – сол елде шынайы жағдайда күрделі ғарыш техникасын пайдалана алатын, біліктілігі жоғары ержүрек, білімді азаматтары барын көрсету. Бірақ ол ел беделін көтеру үшін ғана, және оны Қазақстан өзі үшін толықтай атқарды: біздің ғарышкерлеріміз бес рет ұшты.
Ғарышкерлер орындайтын тағы екі міндет – қандай да бір әзірлемелерді сынақтан өткізу және шынайы ғарыш жағдайында ғылыми тәжірибелерді өткізу. Алайда бұл міндеттер, былайша айтқанда, зор болашаққа есептелген, бұл тәжірибелердің нақты қорытындысы 20 жылдан кейін белгілі болады. Егер Қазақстан туралы айтар болсақ, ғарышта сынауды қажет ететін техниканы әзірлеу мен жасау тек келесі жылы ғана қолға алынады. Егер экономикалық тұрғыдан алып қарасақ, бес жылдан кейін өз өндірісіміздегі ғарыш техникасын сынау міндетін жүзеге асыру үшін ғарышкерлерді ұшыруды сол кезге дейін шегере тұру керек. Сонда біздің жаңа ғарышкеріміздің ұшуы экономикалық тұрғыдан ақталады.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage