Мезгілінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару туралы Өтембаевтың өтінішін 7 қарашада қарайды

Күні: 15:43, 03-11-2014.

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне себепкерлігі үшін 13 жылға сотталған  ҚР сенат аппаратының экс-жетекшісі Ержан Өтембаевтың  мезгілінен бұрын шартты түрде еркіндікке шығару туралы өтініші 7 қарашада қаралады, деп хабарлады Астананың қалалық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Исмағамбетова.
«Қазір Е. Өтембаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы өтініш беріп жатыр, ол 7 қарашада сағат 15.00-де қаралады», - деді С. Исмағамбетова дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.  
Еске салсақ, 2006 жылы 13 ақпанда 11 сағат 40 минутта Алматы облысының Талғар ауданындағы «Көктөбе» ауылы мен «12 бригада» ауылы арасындағы жол жиегінде оқ тиіп өлген Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның жүргізушісі Василий Журавлевтің және оққағары Бауыржан Байбосынның денелері табылған болатын.
25 ақпанда Қазақстанның сенат аппаратының басшысы Ержан Өтембавтың қамауға алынғандығы туралы хабар пайда болды.
2 наурызда Ержан Өтембаев Алтынбек Сәрсенбавтың өліміне қатысы барын мойындады.
Ержан Өтембаев үш өлімнің бас тапсырыс берушісі ретінде 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орындаушысы Рустам Ибрагимовқа жазаның ең жоғары шарасы тағайындалды, алайда ол Қазақстандағы өлім жазасына мораторий жариялануына байланысты жүзеге асырылған жоқ. «Арыстан» ҰҚК арнайы бөлімшесінің жауынгерлері мен осы іске қатысы бар басқа да адамдар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
2012 жылы 16 сәуірде Р. Ибраимов ҚР Жоғарғы сотына жүгініп, Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс беруші Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев деп мәлім етті.
Е. Өтембаевтың ісі қайта қаралып, 2014 жылы 3 ақпанда ол адам өлтіруге тапсырыс беруші емес, қолқабыс етуші деп танылып, оның жазасы 13 жыл бас бостандығынан айрыу мерзіміне дейін қысқартылды.


Жаңалықтармен бөлісу: