ҚМГ БӨ 9 айда мұнай өндірісін 0,1% азайтып, 9,22 млн тоннаға дейін жеткізді

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9,22 млн тонна мұнай өндірді, ол 2013 жылғы осындай аралықпен салыстырғанда 0,1% аз, делінген компания таратқан хабарда.
«ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты», - делінген компания сайтында жарияланған хабарда.

adimage