ҚМГ кірісі 2018 жылы үш есе өсті

Күні: 16:15, 27-05-2019.

Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2018 жылы Т693,5 млрд таза кіріс тапты, деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан (KASE).
«2018 жылдың соңында ҚМГ таза кірісі Т693,511 млрд құрады, ол бір жыл бұрын Т525,448 млрд құраған еді», -делінген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есебінде.
Осылайша, компанияның таза кірісі 2017 жылмен салыстырғанда 32% артқан.
2018 жылы ҚМГ кірісі салықты есептегенге дейін Т969,318 млрд құрап, есепті кезеңде 34,7% өскен. Жиынтық кірісі 1,5 есе өсіп, Т1,635 трлн дейні жетті, пайда – 1,5 есе өсіп, Т6,989 трлн. дейін жетті.
ҚМГ активтері 3,3% артып, Т14,015 трлн дейін жетті, міндеттемелері – 1,6%-ға, Т6,872 трлн, дейін, капитал – 5,3%-ға, Т7,143 трлн дейін, жарғылық капиталы – 29,2%-ға, Т916,541 млрд дейін өскен.


Жаңалықтармен бөлісу: