Мигранттар Қазақстанда заңнама аясында ғана жұмыс жасай алады

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ- Мигранттар Қазақстанда заңнама аясында ғана жұмыс жасай алады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы премьер-министрі Әлихан Смаилов.
«Біз үшін ең алдымен қазақстандықтардың мүддесі бірінші орында, олардың жұмыспен қамтылуы. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны ескерулері керек. Көрші елдердегі мигранттар бізде тек белгіленген заңнама аясында ғана жұмыс жасай алады», - деді Смаилов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте, атап өткендей, мигранттарға қатысты жағдай үнемі бақылауда.
Еске салсақ, 26 қыркүйекте Қазақстан билігі Ресейден келушілер санының артуына қатысты кеңес өткізген еді.

adimage