Михаил Ломтадзе жаңа сервистің іске қосылғанын хабарлады. Үйден шықпай-ақ KaspiGold шотын ашу

Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандықтар ТЖ және карантин кезінде жәрдемақы алу үшін шот ашуға банктер алдында үлкен кезекте тұр. Көбі ағымдағы жағдайда мұның қауіпсіз емес екенін түсінеді. Бірақ шот нөмірі керек, сол үшін адамдар үйлерінен шығып, банк бөлімшелеріне баруға мәжбүр. 
Адамдарға көмектесу үшін, Kaspi.kz компаниясы рекордтық қысқа мерзім ішінде жаңа сервисті әзірледі. Енді қазақстандықтар Kaspi.kz мобильді қосымшасында KaspiGold шотын аша алады және сөйтіп үйлерінен шықпай-ақ 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны ала алады.
«Біз қазақстандықтардың карантин кезінде жәрдемақы алу үшін шот ашу мақсатында банк бөлімшелеріне баратынына алаңдаулымыз. Біздің команда рекордтық қысқа мерзім ішінде ең заманауи технологияларды қолданып, инновациялық сервисті іске қосты. Біздің сүйікті клиенттеріміз үшін банк бөлімшелеріне барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Енді KaspiGold шотын онлайн арқылы ашуға болады, Kaspi.kz мобильді қосымшасында, үйден шықпай-ақ. Сөйтіп шот нөмірін жәрдемақы алуға пайдалануға болады», - деп түсіндірді жаңа сервистің ашылуын Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.
KaspiGold шотын аша отырып, клиенттер 42 500 теңге мемлекеттік жәрдемақысын ала алады, оған қоса Kaspi.kz барлық қызметтерін қолдана алады. Мәселен, кез келген KaspiGold шотына ақша аудару, Kaspi.kz қосымшасында 5000-нан астам қызметті комиссиясыз қолдану, Kaspi.kz. дүкенінде сауда жасау.
Қажет болған жағдайда шоттан  KaspiQR немесе ЖСН арқылы ақша шешіп те ала алады, сондай-ақ кез келген Kaspi Банкомат және Терминал арқылы толықтыра алады.
Ал карантин аяқталғасын шот иелерінің KaspiGold пластик карталарын Kaspi.kz кез келген бөлімшесінен алуына болады және ол картамен дүкендерде сауда жасауға болады.

adimage