Министр Бақыт Сұлтанов тағы бір қызметке ие болды

Күні: 12:17, 30-10-2019.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тағы бір қызметке ие болды, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА.
Үкімет СИМ мен қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Сұлтановты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ директорлар кеңесінің құрамына тағайындауды қамтамасыз етуге қаулы етті.
Сұлтанов СИМ басшысы қызметін 2019 жылдың маусымынан бері атқарып келеді. Оған дейін ол 2018 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін Нұр-Сұлтан әкімі болған, ал оған дейін 2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан қаржы министрлігін басқарған.
Еске салсақ, ҚазТАГ ХАА 10 қыркүйекте «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ болып өзгертілгенін хабарлаған еді. QazTrade экспортерлер мен Қазақстанның мемлекеттік органдары арасындағы агент рөлінде жүреді.


Жаңалықтармен бөлісу: