Министр Әбілқасымова отставка туралы сұраққа: Бұл сыннан біз қорытынды шығарамыз

Күні: 15:44, 12-02-2019.

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Коныров. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова отставка туралы сұраққа жауап бере келе, салалық министрлік қоғам тарапынан айтылып жатқан сыннан қорытынды шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әрине, біздің министрлік әркез біздің қоғамның ең ауыр проблемаларының ұшында тұрады. Халықтың барлық әлеуметтік-әлсіз топтары – біз әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеміз. Соған байланысты, өз мамандығымызға қарай біз нақты бір сындарды естіп жатамыз. Ең бастысы, біз сол сыннан қорытынды шығаруға, жағдайды жақсартуға тырысамыз, және жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін шаралар қабылданатын болады», - деп мәлімдеді М.Әбілқасымова үкімет кулураында журналистердің сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілгеннен кейін жедел штабтар құрылған.
«Осы ұсыныстардың барлығы жұмыс тобында қаралатын болады. Кезекті отырысты осы бейсенбіде өткізу жоспарлануда. Түрлі бағыт бойынша өте көп ұсыныс түсті. Бұл атаулы әлеуметтік көмекті жақсарту, жәрдемақы көлемін қайта қарау, баспанаға қол жетімділікті кеңейту мәселелері», - деп мәлім етті министр.
Бұған дейін хабарланғандай, «#ҚызғылтБарбиОтставкаға!» – Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Айсұлу Дүтбаева өз постын осындай хештегпен бастаған, ол Астанадағы өрттен бес баланың мерт болуына байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың өз еркімен отставкаға кетуін талап етушілердің бірі екен.
Еске салсақ, Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шығыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған.
Неге көпбалалы ата-аналардың түнгі ауысымда жұмыс жасауларына тура келеді деген сұраққа жауап берген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова, бұл ата-аналардың өз таңдаулары деп мәлім етті.
Ал ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымованың өзі қайғылы жағдайдың алдында көп балалы аналарға төленетін жәрдемақының 2019 жылы Т768 сомаға көтерілгенін айтып, өмір бойына көп балалы аналарға мемлекеттен бірнеше миллион төленетінін мәлімдеген болатын.
«Басқа елдерде ондай мүлде жоқ. Ресейде аналар капиталы бар. Бізде, егер барлық жылды алып есептесек, ол жылдар ішінде бірнеше миллион құрайды», - деп мәлім етті М.Әбілқасымова.
«Күміс алқа», «Алтын алқасы» бар көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы 2019 жылдың 1 қаңтарында Т16 160 болды, ал 2018 жылы Т15 392 төленген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: