Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Арсен Асқаров. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Джакартадағы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының мүмкіндігіне баға бере отырып, жас спортшылардың басымдығына тоқталды.
«Біз спортшыларымызды жаңа олимпиадалық спорт түрлері бойынша алғаш рет жібергелі тұрмыз. Бұл стритбол, гольф және т.б. Дәстүрлі спорт түрлері бойынша жетекші спортшыларымыз бара жатыр. Мысалы, Ольга Рыпакова. Бірақ біздің негізгі назарымыз – үлкен жетістіктерге дайын жаңа буын, біздің жас спортшыларымызда», - деді А.Мұхамедиұлы сәрсенбі күні спорт күніне арналған салтанатты шара барысында.
«Спорттың жаңа түрлері нәтижеге әсер етуі мүмкін. Шыңға өрмелеу, стритбол секілділер бізде енді пайда болды. Және бұл біздің жалпы көрсеткішімізге әсер етуі мүмкін, Ал жалпы Қазақстан өз тұғырында тұр», - деді МСМ басшысы.
Еске салсақ, жазғы Азия ойындары 18 тамызда басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 440 спортшы қатысады. Жалпы 2018 жылғы жазғы Азия ойындарына Джакартада (Индонезия) 462 жинақ медаль сарапқа салынады, оның 363-і олимпиадалық спорт түрлері бойынша.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57