«Көп қалада сиреналық құрылғылар мен ескерту жүйелері жеткілікті деңгейде емес . Біз жұмыс істеп жатқан бағдарлама бар. Біз жүзеге асыратын заманауи шешімдер бар. Есік қаласы бойынша тексеріс жүріп жатыр»,- деді Әрінов сейсенбі күні үкімет отырысында.
«Әуе дабылын кім қосады дегенге келсек, оны қолмен де, автоматты режимде де қосуға болады. Алматы туралы айтатын болсақ, 5,5 баллдық жер сілкінісі кезінде ол автоматты түрде қосылады. Қажет болған жағдайда кезекші бөлімдегі қызметкерлеріміз де оны өз бетінше қоса алады», – деді Шыңғыс Әрінов.
Фото көзі: freepik.com