Минкабинетінің отырысында қазақстандықтардың 60% -ның вакцина алуы қажеттігін еске салды

Күні: 13:01, 19-10-2021.

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтардың 60% -ның вакцина алуы қажеттігін еске салды.
«Қазір біздің алдымызда ұжымдық иммунитетті 60% жеткізу міндеті тұр. Қазіргі таңда барлығы 8 млн астам адам бірінші құрамды алды, екінші құрамды 7,2 млн адам алған», - деді Мамин сейсенбідегі үкімет отырысында.
Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі атап өткендей, бірінші құраммен тиісті халықтың 70,2%-ы немесе барлық тұрғынның 42,7%-ы алған. Екінші құрамын – 63% немесе барлық халықтың 38%-ы алған.


Жаңалықтармен бөлісу: