Өмірзақ ТҮСІМОВ: ҚЫЛМЫСПЕН ТИІМДІ КҮРЕС ТІКЕЛЕЙ СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ САПАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

 

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Рим заңнамасы бойынша айыпкердің кінәсін мойындауы дәлелдердің патшасы болып саналды. Ал біздің заманымызда кінәсінің негізгі дәлелі немесе кінәсіздігінің бұлтартпас дәлелі сот сараптамасының нәтижесі болып табылады. Оны сапалы және уақытылы өткізу үшін не қажет және сарапшылардың өздері қандай проблемалармен кезедеседі, бұл жайында әділет министрлігі сот сараптамасы орталығының сот сараптамасының орталық институтының директоры Өмірзақ Түсімов әңгімелейді.

 

- Өмірзақ Түлеуұлы, сот сараптамасының рөлі қандай және ол қандай міндеттерді шешетінін айтып беріңізші?

 

- Қылмыспен күрестің тиімділігі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғау тікелей сотты сенімді және бұлтартпайтын дәлелдермен қамтамасыз етуге байланысты.

Соған байланысты өндірістік сапалы сот сараптамасына қылмыстық процесс жүйесінің негізгі рөлдерінің бірі беріледі.

Жалпы қабылданған құқық нормаларына сәйкес сот-сараптамалық қызметтің міндеті-сотқа, тергеу органдарына, тергеушілер мен прокурорларға, ғылым, техника, өнер және кәсіп саласында арнайы білімді қажет ететін мәселелерді шешу арқылы нақты іс бойынша дәлелденуі тиіс жағдайды анықтауға жан-жақты ықпал ету.

 

- Сараптама жүргізу барысында сарапшының тәуелсіздігі қалай қамтамасыз етілген?

 

- Сот сарапшысы оны басқа субъектілерден ерекшелеп тұратын өзіндік процессуалдық міндеттері мен құқықтары бар процесті өз бетінше, тәуелсіз субъекті ретінде зерделейді. Әділ соттың болуына ықпал ететін процестің басқа қатысушылары арасында сарапшының тәуелсіздігі оның қорытындыны және осы функцияны жүзеге асырудың айрықша процессуалдық формасы түрінде дәлелдерді ұсыну функциясымен қамтамасыз етіледі. Сарапшы алдын-ала қандай да бір дәлелдейтін ақпаратқа ие болмаса, осы мақсатта арнайы сараптамалық әрекеттер жүргізе отырып, оны өзі іздейді.

Сот сараптамасын жүргізу барысында сарапшы процессуалдық тұрғыдан өз бетінше, сот сараптамасын тағайындаған органнан немесе тұлғадан, сот сараптамасы органының басшысынан және істің қорытындысына мүдделі басқа да тұлғалардан тәуелсіз. Яғни тәуелсіз сарапшының нақты маңызды жағы тағайындау тәртібі мен сот сараптамасы өндірісінің, сондай-ақ оны қайтару мүмкіндігін қамтамасыз ететін процессуалдық өз бетінше әрекет етуі болып табылады. Сот сараптамасы сараптаманың нақты объектілерін зерделеу үшін сараптамалық зерттеу жүргізуде қажет әдіс-тәсілдерді, құралдар мен нұсқаулықтарды таңдауда да тәуелсіз.

 

- Сараптама жүргізу үшін сырттан мамандар тартыла ма?

 

- Сараптама өндірісінде қажет болған жағдайда олардың қорытындысынсыз сараптама өндірісі мүмкін болмаған жағдайда сот-сараптамалық мекемеде жоқ мамандар тартылады. Мысалы, сот құрылыс сараптамаларының сарапатама өнідірсіне электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және т.б. мамандарын, сот экономикалық сараптама өндірісінде - банк мамандарын, аудиторларын және т.б. тартады.

Бұл ретте аталмыш мамандар қорытындысының нәтижесін бағалаумен байланысты проблемалар туындап жатады, атап айтқанда, олардың сенімділігіне, себебі олардың кейбірі қандай да бір нақты зерттеулерге бекітілмеген, аталмыш мамандардың қорытындыларының процессуалдық статусы күдік тудырады. Әсіресе мамандардың қорытындылары арасында туындайтын келіспеушіліктер орын алған жағдайда.

 

- Орталық сот сараптамасының институтында қандай сараптамалар жүргізіледі?

 

- Астанадағы Орталық сот сараптамасының институты 2012 жылдың маусымында сот сараптамсының Өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасы базасында құрылды. Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығының аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Институтта 3 зертхана жұмыс жасайды, олар химиялық, биологиялық зерттеулер, арнайы зерттеулер зертханасы мен қылмыстық зерттеулер зертханасы, оларда 42 сарапшы маман сараптаманың 18 түрін жүзеге асырады.

 

- Ал жылына институт қанша сараптама жүргізеді? Мысалы, 2013 жылы қаншасы жасалды?

 

-2013 жылы Орталық институт 5926 сараптама жүргізді. Атқарылған сараптамалардың 52,1%-ы ішкі істер органдары үшін, 23%-ы – қаржы полициясының органы үшін, 3,1% - ұлттық қауіпсіздік органы үшін, 1,2% - прокуратура үшін, 2,5% - төтенше жағдайлар бойынша министрлік органдары үшін, 0,6% - кеден қызметінің органы үшін және 16,5% - сотқа.

Сот-сараптамалық зерттеулердің басым бөлігі есірткі құралдарын зерттеуге – 1151, құжаттарды техникалық зерттеуге - 766, жазуы мен қол таңбасын зерттеуге – 571, құрылыс-тауартану зерттеулеріне – 515, тағамдық емес тауарларды зерттеуге – 388 және құрылыс-экономикалық зерттеулерге – 344 арналған.

 

- Сот сараптамасын тағайындау үшін қандай негіз қажет?

 

- Сараптама тағайындау үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес басым негіздер болуы керек, олардың арасында –дәлелдеуге жататын нақты іс жағдайын анықтаудың қажеттілігі, және сондай жағдайларды анықтау үшін арнайы танымға қажеттілік.

Сонымен қатар, сараптамада табылған материалдарға байланысты азаматтық іс пен құқыққорғау органдары үшін қылмыстық істі тоқтата тұру туралы ОССИ-ге сенімсіз ақпарат ұсыну жағдайы да кездесіп жатады. алайда аталмыш ақпаратты тексеру барысында аталмыш материалдың өндіріске мүлде түспегені немесе аяқталғаны анықталып жатады, кейде тіпті сот анықтамасы шыққан күні де көрсетіледі, оның жөнелтпе хаттағы мерзіммен айырмашылықтары 1-2 айды құрап жататын кездері де болады.

 

- Сараптамаға ұсынылатын материалдарға қандай да бір талаптар қойыла ма?

 

- Сараптамаға ұсынылатын материал толық әрі сапалы болуы тиіс, ал оның фиксациясы процессуалды заңнамаға сәйкес болуы керек. Бұл талаптар өте маңызды, өйткені сарапшы жинақталған және ұсынылған материалға сүйеніп шешім шығарады, ал ҚР ҚК 248 бабына сәйкес оның дұрыстығы мен іске жататындығына сараптама тағайындаған орган жауапты болады.

Одан бөлек, көзге ұрып тұрған құқықбұзушылықтар бойынша дәйексөз сараптамалар тағайындалып жататын проблемалар да жоқ емес, атап айтқанда, контрафактілік дыбыс-бейне өнімін анықтау бойынша сараптамаларда. Мұнымен қатар қаулының өзінде контрафактілік белгілері, яғни голографиялық кескіндеме, құқықиеленуші туралы ақпарат және т.б. көрсетіледі.

 

- Сараптама өндірісіне байланысты сарапшылар өтініш ұсына ала ма және қандай жағдайда?

 

- Сот-сараптамалық сала жағдайына қатысты республикада кездесетін мәселелерден бөлек, жалпы алғанда, сот сараптамаларын тағайындау және оның өндірісін ұйымдастырумен байланысты сот-сараптамалық қызметке қатысты бірқатар проблемалық мәселелер бар.

Сот сараптамалар тәжірибесі сарапшылардың ҚР ҚПК талаптарына сәйкес, нысанды зерттеу, қосымша материалдар бақылауын, заттай дәйектердің бұзылуына рұқсатнама, мамандар тарту туралы қажеттілік жөнінде сараптама тағайындаған органға өтініш беру бойынша өз құқығының жүзеге асырылуына жүгінуге мәжбүр болатынын көрсетіп отыр.

2013 жылы келіп түскен барлық материалдардың ішінен 1975 іс бойынша ішкі істер органдарына, қаржы полициясы мен сотқа өтініштер берілген. Өтініштер негізінен сот құрылыстық және сот экономикалық сараптама секілді мамандандырулар бойынша жасалған.

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» заңның 25 бабына сәйкес, сарапшының өтінішін қанағаттандыруға берілетін мерзім - 10 тәулік. Әншейінде өтініштердің тең жартысы заңнама көрсетілген мерзімде қанағаттандырылмайды да, сарапшылар сараптамаларды орындалмаған күйі қайтарып беруге міндетті болады.

Мәселен, 2013 жылы тағайындалған сараптамалардың 5,3%-ы сараптамалық өндіріссіз кейін қайтарылған. Мұнымен қатар өтініштердің 67%-ын азаматтық істер бойынша сот қанағаттандырмаған,17,9%-ын -қылмыстық істер бойынша құқыққорғау органдары.

 

- Қандай жағдайда материалдар сараптама өткізілместен қайтарыла алады?

 

- «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» заңның 21 б. 1 б. 1 т. сәйкес процессуалды заңбұзушылықтар материалдардың сараптама өндірісінсіз қайтарылуына себеп болып табылады. Осындай сипаттағы қайтарымдардың арасында қаулыны ресімдеу немесе анықтау кезіндегі процессуалды заңбұзушылықтардың белгілі болуы, сараптамалық мекемелердің қате көрсетілуі, тиісті біліктілігі бар сарапшылардың жоқтығы т.б. секілділерін атап өту керек.

 

- Сараптаманы дәл уақытында тағайындау қаншалықты маңызды?

 

- Сарапматалардың дер кезінде тағайындалуы қылмыстар тергеуі үшін тактикалық маңызды мәнге ие. Ұсынылған және қанағаттандырылмаған өтініштердің саны сараптамалардың уақытынан бұрын тағайындалғанын, сонымен бірге дер кезінде жасалмағандығын да айғақтайды, яғни сараптама тағайындалар кезде зерттеу нысаны өзгеріске ұшырайды - зақымдалған зерттеу нысандары қалпына келтіріледі, қылмыс ізінің сақталым мерзімі өтіп кетеді, оқиға орнындағы заттық жағдай өзгереді және т.б.

 

- Сот сараптамасының өткізілу мерзіміне не әсер ету мүмкін?

 

- Біріншіден, сараптама өндірісі үшін материалдардың жеткіліксіз дәрежеде ұсынылуы, оның ішінде құқыққорғау органдары мен соттың тарапынан материал әзірлеуде, соның ішінде зерттеу нысандарын, сот сараптамасын тағайындаған кезде тиісті назардың жоқтығы салдарынан процессуалды заңбұзушылықтармен сәйкес анықтамалар мен қаулылар шығару. Сараптамаға ұсынылған материалдардың толымсыздығы барлық қайтарылған материалдардың 69,7%-ын құрайды, әсіресе сот экономикалық, сот жазутанушылық және сот құрылыстық сараптамалар тағайындау кезінде.

Екіншіден, құқыққорғау органдары мен соттың тарапынан сараптама өндірісінің, атап айтқанда, зерттеу нысанын бақылаудың жекелеген кезеңдерін жеткіліксіз немесе дер кезінде ұйымдастырылмауы.

Сараптама өндірісінің тәжірибесі аталған процессуалды әрекеттердің дер кезінде орындалмайтынын немесе барлық мүдделі тараптардың (тапсырыс беруші, мердігер, ЖКО қатысушысы, іс бойынша тараптар т.б.) қатысуымен бақылауды ұйымдастырудың мүмкін еместігі мен байланысты процессуалды нормалардың бұзылуын көрсетеді. Бұл сараптама өндірісінің, қайтара бақылау жүргізудің ұзаққа созылуына, сол секілді өндірістің орындалу ықтималсыздығына әкеліп соқтырады.

Мұнымен қатар сондай-ақ сарапшылардың бақылау орнына баруымен байланысты шығындар өтелмейтінін атап өту керек. Оның маман ретінде сотқа шақырылуымен байланысты шығындар да өтелусіз күйде.

Үшіншіден, трасологиялық, автотехникалық сараптамалар мен ЖКО себебін тергеу кезіндегі жаяу жүргіншіні қағумен (қағып кету айқындылық шартына қатысты) байланысты тағайындалатын заттар мен материалдар сараптамалары секілді сот сараптамалық кешенін тағайындау кезіндегі шарттылық бағыт.

Сонымен қатар ЖСҚ-да көрсетілген барлық жұмыстар орындалып, жасалған жұмыстар актісі мен мамандардың шешіміне сәйкес болған кездегі сот-құрылыстық сараптамалар тағайындау кезінде және бірқатар бейнефонографиялық сараптамалар тағайындау кезінде екені белгілі.

Бұл себептердің барлығы сараптама өндірісі мерзімінің ұзаққа созылуы мен жалпы алғанда сол өндірістің орындалу ықтималсыздығына апарып соғады.

 

- Сот сараптамаларын тағайындау мен өндірісі кезінде туындайтын мәселелерді шешу үшін не істеу қажет?

 

- Сот сараптамаларын тағайындау мен өндіріс барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін келесідей істеген жөн: заңнамалық деңгейде сот-сараптамалық мекеме сұрап отырған ақпараттың жеткізілу қажеттілігі мен сараптама тағайындау, сараптамалардың әр түрінің мүмкіндіктері үшін материал дайындау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыруда сот сарапталық органның тарапынан әрі қарайғы жәрдемнің көрсетілуін бекіту.

Осыған байланысты кеңестеме беру түрінде құқыққорғау органдары және сотпен оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру, олармен дәрістік сабақтар, «дөңгелек үстел» отырыстарында, сондай-ақ құқыққорғау органдарының қатысуымен болатын үйлестіру кеңестерінде сол мәселелердің талқылауларын өткізу қажет болып саналады.

 

- Әңгімеңіз үшін рақмет!


adimage