Мирзиеев пен Назарбаев екіжақты ынтымақтастық болашағын талқылады

Күні: 12:28, 12-10-2018.

Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ – жақында 11 қазанда Өзбекстан президенті  Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы екіжақты ынтымақтастық болашағын талқылады, деп хабарлады  Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
«Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты», - делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіндегі хабарда.  
Өзбекстан және Қазақстан президенттері өзара сауда көлемінің тұрақты өсіп жатқанын, оның номенклатурасының кеңейіп жатқанын атап өтті. Әсіресе өңіраралық ынтымақтастықтың әлеуетін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылған.  
Сондай-ақ, әңгімелесу барысында кәсіпорын, энергетика, көлік-коммуникация және басқа салалардағы нақты қауымдастық жобалары бойынша іскери ынтымақтастықты дамытуға қызығышылық білдірді.
Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық іс-тәжірибе алмасу, білім, денсаулық сақтау және туризм саласында белсенді өзара қарым-қатынасты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл екі ел мен халықтары арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынасты ары қарай нығайтуға ықпал ететін болады.  
Тараптар, ары қарай аталып өткендей, маңызды проблемаларға қатысты пікірлерін де ортаға салды, атап айтсақ, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қазіргі заманғы қауіптерге қарсы тұру шаралары да бар.
«Президенттер достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікке бағытталған өзбек-қазақ қарым-қатынасының ары қарай нығаюына мүдделі екендерін тағы да дәлелдеді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: