Үміт Шаяхметова: Бүгіндері банктер мемлекеттің қорландыруы арқасында күн көруде – бұл нонсенс

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстанның банк секторындағы жағдай бұрынғысынша сарапшылар назарында. Бірақ банк жүйесіне қандай баға беру мәселесінде сарапшылар қоғамы мен банкирлер арасында ортақ пікір жоқ. Біреулері күрделі деп есептесе, басқалары бұлт төндірмеңдер дейді.
Қазақстан банк секторының жағдайы қандай? Теңгенің өтімділігіндегі жағдай қандай? Ұлттық валюта бұдан да күшейеді деп күту керек пе? Ұлттық банктің ақшалай-кредиттік саясаты қазіргі жағдайға сай ма және биыл банктердің экономиканы кредиттеуінің келешегі қандай? Осы сауалдарға біз «Қазақстан халық банкінің» басқарма төрағасы Үміт Шаяхметовадан жауап беруін өтінген едік.


- Үміт Болатханқызы, жақында Ұлттық банктің экс-басшысы қазақстандық банктер есінен танар шақта тұр деп мәлім еткенді. Сіз сонымен келісесіз бе? Және Сіз банк жүйесіндегі жағдайды қалай бағалайсыз?



- Егер ресми статистикаға қарайтын болсаңыз, Қазақстанның банк секторында бәрі де жақсы. Біз NPL 90+ (төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен төленбей жатқан кредиттер – ҚазТАГ) үлесі едәуір азайғанын көріп отырмыз. Біз банктер проблемалық борышкерлермен белсенді жұмыс жүргізуде дей аламыз.
Бірақ бұрынғысынша сауалдар бар. Мысалы, қайбір банктердің валюталық займдарының көлемі қанша және ол оның активтеріне қалай ықпал етеді? Бұл ретте жекелеген банктерді капиталдандыру проблемасы сақталады. Бүгіндері жекелеген екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) шын мәнісінде реттеушінің талабына жақын деңгейдегі капиталдануы бар. Сондықтан осы банктердің акционерлерінен қосымша капитал құю талап етіледі, немесе, бәлкім, осы банктік институттардың активтерінің төмендеуі орын алады. Бірақ кез келген жағдайда олардың менеджментінің және акционерлерінің осы проблемаға қандай да әрекеті болады.
Мен, әрине, банк нарығының қатысушысы ретінде, қандай проблемалар барлығын және қандай банктерде екенін көріп тұрамын. Бірақ мен банк жүйесінің қазіргі жағдайын қатаң (Қ. Дамитов секілді – ҚазТАГ) бағаламаған болар едім. Меніңше банк секторында үлкен проблема жоқ, бірақ кейбір банктерде бар.


- Ақпан мен наурыз басында мұнай бағасының ілгерілемелеп өсуі жағдайында теңгенің өтімділігіне қатысты жағдай қаншалықты жақсарды?


- Егер жыл басына қарасақ, онда «Халық банкінде» теңгелік депозиттік база шамамен 2% өсті. Мысалы, теңгелік бөлшек салымдар бойынша 28 млрд теңге шамасында құйылым болды. Бұл елеулі оң нәтиже.
Корпоративтік салымдарға келетін болсақ, онда біз бүгіннің өзінде валюталық және теңгелік депозиттердің қатынасы 50*50 құрайтынын көріп отырмыз, себебі бүгіндері бағам еркін және оның қандай болатынын дәл табу қиын. Және біз көріп отырғандай, қысқа мерзімде бөлшек клиенттер де, оның үстіне корпорациялар да теңгемен тапқан кез келген кірістерін айырбастап жатқан жоқ. Ондайды біз биылғы қаңтар айында көргенбіз. Қазір ол жоқ. Ол аз десеңіз, наурыз ортасына біз долларларды көптеп сатып алудамыз, ал біздің клиенттер, сәйесінше – теңгені.
Басқаша айтқанда валюталық және теңгелік салымдар қатынасындағы өзгерістер бүгіндері оң мәнде. Және бетбұрыс (доллардан теңгеге – ҚазТАГ) әзірге кішкентай болғанымен, бірақ ол басталып та кетті.


- Ал ұлттық валютаға не болады? Теңге девальвациясының ең жоғарғы шыңынан өттік деуге бола ма?



- Бұл сауалға ешкім де жауап бере алмас. Неге? Себебі бағамға ықпал ететін көптеген факторлар бар. Біріншіден, ол мұнай бағасы және ол келешекте қалай өзгереді. Біз көріп отырғанымыздай, ОПЕК елдері мен бұл ұйымға кірмейтін мұнай экспорттаушы елдер, мұнай өндірісінің деңгейі туралы уағдаласпақшы. Бірақ осы мәселеде Иранның ақтық ұстанымы қандай болатыны әзірге түсініксіз.
Біз Сириядағы жағдай мұнай бағасына оң ықпал ететінін көріп отырмыз. Сондай-ақ АҚШ Федералдық резерв жүйесі есепке алу мөлшерлемесін көтеруі де мүмкін. Ол да мұнай котировкасына ықпал етеді. Яғни көптеген факторлар бар.
Оған, әрине, Ресейдегі жағдайды да қосу керек. Бүгіндері айырбас бағамына ресейлік рубль бағамының динамикасы көп әсер етіп отырғаны құпия емес. Тіпті ол мұнай бағасынан көп ықпал етуде, себебі біздің шекараларымыз ашық, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналысы шектелмеген. Сондықтан ресейлік бюджетте проблема туындайтын болса, ресейлік сарапшылардың пайымдауынша, оны рубльді одан ары әлсірету арқылы шешу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бұл ретте болжам әр түрлі. Ең пессимистік болжам - $1 үшін 100 рубль. Егер ол жүзеге асырылатын болса, қазақстандық теңге де ресейлік рубльдің кейпін киеді.


- 2016 жыл соңына теңгенің айырбас бағамына «Халық банкінің» болжамы қандай?


- Біздің бюджетімізде жыл соңына теңгеге шаққандағы доллар бағамы $1 үшін 340-360 теңге, ал мұнай бағасы $40 деп алынған.


- Ұлттық банк саясаты туралы әңгімелесейікші. Сіз қалай есептейсіз, Қазақстан экономикасындағы дағдарыстық үрдістер фонында қазіргі қатаң ақшалай-кредиттік реттеу қаншалықты өзін ақтайды, оның базалық мөлшерлемесі бұрынғысынша, өте жоғары деңгейде - 17% - тұр емес пе?



- Еркін бағамға өту өте ауыр болды. Алғашқыда Ұлттық банк теңге бағамын еркіндікке жіберді (2015 жылы 15 тамызда – ҚазТАГ), кейін қайтадан бағамды тұрақтандырды да, одан соң қайтадан еркіндікке жіберді. Біз оның бәрін көріп отырдық және өте ауыр қабылдадық.
Жекелеген кезеңдерде ақша нарығындағы мөлшерлеме 600%-ға дейін барды. Осы кезде банктер өздерінің капиталдары мен кірістерін «жеп» жатты, тіпті кейбір банктердің төлемге қабілеттігі туралы мәселе туындады. Сондықтан кредиттеу туралы сөз болған емес, әңгіме төлем тәртібі туралы болды.
Бірақ мен ол үдеріс ақталған болды деп ойлаймын, себебі ешқашан және еш жерде бірсыдырғы өту болған емес (ақшалай-кредиттеу саясатының біреуінен екіншісіне – ҚазТАГ). Ал Ұлттық банктің монетарлық саясатына елеулі өзгерістер енгізілді.
Бірақ біз қазір көріп отырғандай, ақшалай және валюталық нарықтағы жағдай тұрақталды. Сондықтан мен Ұлттық банк қабылдаған қадамдар өзін ақтады және дұрыс болды деп есептеймін.


- Бірақ жағдай тұрақталған екен, реттеушіге ақшалай-кредиттеу саясатын базалық мөлшерлемелерді төмендету арқылы жұмсартатын сәт келген жоқ па?


- Егер шынын айтасақ, біз 14 наурыздағы техникалық комитетте Ұлттық банк базалық мөлшерлемені не 1% дәлізінде тарылтады (қазір ол бұрынғысынша - 15-19%, яғни өтімділікті алу бойынша базалық мөлшерлеме 17% минус 2% және өтімділікті бергенде 17% плюс 2% - ҚазТАГ).
Біз реттеуші базалық мөлшерлемені 1%-ға төмендетер деп үміттенген едік. Бірақ ол болмады. Ұлттық банк өз шешімін инфляцияның жоғары деңгейде сақталып отыруымен түсіндірді.
Менің пікірімше – спрэдтерді (өтімділікті беру мен алу айырмашылығынг – ҚазТАГ) тарылтуға болар ма еді. Бірақ біз мөлшерлеме төмендейді деп үміт етеміз.


- Ол қашан орын алады деп ойлайсыз?


- Ұлттық банктің келесі техникалық комитеті 5 мамырда болады. Бірақ келешекте нарықта өтімділік пайда болса, онда бізге базалық мөлшерлеме керек те емес. Біз кезінде реттеуші тарапынан қорлануға тәуелді болмадық қой. Мен барлық кезде сол уақытқа қайта оралғым келеді. Ол кезде біз депозит пен сыртқы займдар есебінен өмір сүрген едік. Сол нарық болатын.
Бүгіндері банктер мемлекетке қарып алақан жайып, оларға БЖЗҚ мен Ұлттық қор қаражатын бере ма, жоқ па, Ұлттық банк өтімділік бере ма деп бал ашуда. Ол дұрыс емес. Және бүгіндері банктер мемлекеттің қорландыруы есебінен күн көріп отырғаны нонсенс. Сондықтан мен банктер Ұлттық банкке «Қандай болмасын мөлшерлеме қоя беріңдер! Депозиттер мен нарық бізге тиімдірек шарттар ұсынып отыр» деп айтатын уақыт келер деп үміт етемін.


- Биыл депозиттер мен Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің жоғары жағдайында банк секторларының кредиттеуді өсіруі жөнінде «Халық банкінің» болжамы қандай?



- Өсім төмендейді. Егер доллардағы депозиттік портфельді қайта есептесек, онда 2015 жылы ол тарылды, кредиттер де сондай болды. Сондықтан былтыр кредиттеу төмендеді, және біз әзірге биылғы алғашқы айларда төмендеуді көріп отырмыз.
Әрине, жоғарғы мөлшерлемемен кредиттеу – біз клиенттерді жүктегіміз келмейді, себебі займның тым қымбаттығы себепті ол оны қайтармауы да мүмкін. Сондықтан, егер біз кредиттерді берген екенбіз, онда тек қысқа мерзімдік, биылғы ақпан айындағыдай, ал қаңтарда біз мүлдем кредиттеген емеспіз.


- Демек, реттеушінің базалық мөлшерлемесі 17% деңгейде болғанда, банктер экономиканы кредиттейді деп күту керек емес қой?


- Мен оған қосар едім: егер нарықта теңгелік өтімділік жоқ болса деп.


- Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage