Үміт Шаяхметова: Біз интеграцияны қолдаймыз, бірақ өзара мүдделеріміз сақталғанда ғана

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Мұнай бағасының күрт арзандауы және ресейлік рубльдің күрт әлсіреуі қайтадан көптеген мәселелер тудырып отыр. Ұлттық валюта бағамы не болады? Неге Ұлттық банк Кедендік одақ (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясындағы интеграциялық үдерістер фонында ресейлік Центробанкпен валюталық саясатын үйлестіре алмайды? Және түптеп келгенде, осының барлығы банктық секторға қалай әсер етеді? Осы және басқа да сауалдарға біз Қазақстан Халық банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметовадан жауап беруін өтінген едік. 

 Жаман айтпай жақсы жоқ 

 - Үміт Болатханқызы, дәстүр бойынша, жыл соңында оның қорытындысын шығару әдет. 2014 жылғы қандай оқиғалар Қазақстан банк секторы үшін негізгісі болды деп есептейсіз? 

- Егер есепті хронологиялық түрде жүргізсек, онда бірінші кезекте – ақпан айындағы девальвация. Ол жалпы алғанда экономикаға, қаржылық секторға, демек банк жүйесіне әсер етті. Екіншіден – ол сөзсіз, зейнетақылық реформа, ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құрумен аяқталды. Ол да девальвация сияқты қаржылық сектор үшін оң әсерін бермеді. Үшіншіден, Қазком мен БТА-ны, сондай-ақ Альянс, Темір және Forte bankтерді біріктіру арқылы нарықты шоғырландыру. Бұл ретте Қазақстаннан танымал шетелдік HSBC кетіп қалғанын өкінішпен айтуымыз керек. Және мен атап кететін соңғы оқиға - Basel III жекелеген стандарттарын енгізу. 

 - Ал сіз биылғы жылды банк жүйесі үшін сәтті болды деп есептеймісіз? 

 - Егер біздің банк туралы айтатын болсақ, сөзсіз, бізге сәтті жыл болды. Біздің қаржылық нәтижеміз өте оң көрсеткіште болды. Және біз базалық көрсеткіштерде өсуді байқап отырмыз: таза пайыздық кіріс бойынша, транзакциялардан кірістен, комиссиялық кірістерден. Оған қоса біз провизияны босату арқылы үстеме кіріс көріп отырмыз. Одан кейін біз HSBC банкін сатып алдық. Яғни, біз үшін жыл сәтті болды. Бірақ ол жеке мен үшін физикалық тұрғыдан ауыр жыл болды. Әрине, теріс тұстары да болды: БЖЗҚ құрған соң біз өзіміздің зейнетақы қорымыздан айрылдық, Ұлттық банк девальвация жасады, кейбір банктерге sms- шабуыл жасалды. Осы нәрселердің барлығы нарықты сілкінтіп жатты. Мысалы, овернайт мөлшерлемесі 50-100%-ға дейін барып жатты. Бірақ, жалпы алғанда, осы жыл банк жүйесі үшін жемісті болды деп есептеймін. Жұмыс істемей жатқан несиелер азайды, нарықтың шоғырлануы болды. 

 Басқа салғаннан қашып құтыла алмайсыз ба? 

 - Банк секторы үшін биылғы негізгі оқиғалар ретінде сіз девальвацияны айттыңыз. Ол банктердің несиелік портфеліне қаншалықты теріс әсер етті? 

 - Егер тек банк секторы туралы айтатын болсақ, ол айтарлықтай теріс әсерін тигізген жоқ. Бәлкім, жекелеген банктер валюталық қарыздарын қайта есептеген шығар, соның нәтижесінде олардың балансындағы осындай несиелер өскендей болып тұрған шығар. Заң бойынша, барлық банктер валюталық қарыздарының резервтерін валютада қорландыратындықтан, онда осындай провизиялар деңгейі артқан да. Осылайша ешкім де зардап шеккен жоқ, және несиелік портфельдердің айтарлықтай нашарлауы болған жоқ. Сонымен қатар 2009 жылғы девальвацияға қарағанда соңғысы банктердің сыртқы қарыздары ол кездегіден едәуір аз болғанда жүргізілгендігінде. Бұл ретте нарықта өтімділік 2009 жылғыдан үлкен болды. Ал ол кезде өтімділік жетіспеушілігінен бернеше банктер өз міндеттері бойынша дефолтқа орын берді ғой. Осы жолы теңгелік өтімділікке Ұлттық банк пен БЖЗҚ өздерінің қаражаттарын банк нарығына орналастыру арқылы көмектесті. Ол қазір банктерге ең керегі. Ақпан айындағы девальвацияның жалғыз теріс жағы – несиелерге корпоративтік сектордан да жеке тұлғалардан да сұраныстың азаюы болды. Яғни, бағамның күрт өзгеруі несиелендіру қарқынын былтырғыдан да төмендеп жіберуіне әкеп соқты. 

 - Жақсы, Ұлттық банк ақпан айындағы девальцияны жүргізді. Бірақ жарты жыл өтпей-ақ қайтадан теріс үрдістер байқалуда: мұнай бағасы күрт арзандап барады, және рубль күрт арзандауда. Осы жағдайда Қазақстан үшін девальвациялық тәуекел қаншалықты жоғары? 

 - Девальвациялық қатерлер бар, оны алдағы уақыт көрсетеді. 

 - Ал оның қаншалықты жоғары екендігін қалай бағалауға болады? Теңгелік өтімділіктің қазақстандық нарықта күрт төмендеуі оның шегіне жеткендігін айтып тұрған жоқ па? Банктердің теңгеден шетелдік валюталарға кетуі соны меңзеп тұрған жоқ па? 

 - Өкінішке қарай, депозиттер арқылы банкілік сектордың долларлануы болып жатыр, және оның өсуі жалғасып келеді. 

- Ондай жағдайда, президенттің алдағы үш жылда Ұлттық қордан бөлуге бұйырған $9 млрд-ы теңгеге қолдау көрсете ала ма? 

 - Бұл өте позитивті қадам, себебі экономикаға теңгелік өтімділік түседі. Әрі ол мекен-жайлы түрде келеді, және де біз банктер ретінде ол ақшаларды алып, барып долларды сатып алып, солармен «отыруға» құқылы емеспіз, өйткені, біріншіден, заң бойынша біз оларды пайдаланудан шектелгенбіз және, екіншіден, бұл мақсатты қаражаттар. Яғни біз клиентіміздің оларды мақсатты түрде пайдаланғанын тексереміз. Ол оларды өндіріске салуы тиіс: құрылғы сатып алып, жаңа жұмыс орындарын құруы керек. Нәтижесінде бірден емес, белгілі бір уақыт кезеңінен соң – әдетте 6-12 айдан кейін көрінетін мультипликациялық эффекті пайда болады. Сондықтан мұның бәрі экономика үшін позитивті фактор. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға келер болсақ, онда біздің осы күнге дейін жинап келген сол ақшаларымыз қауіпсіздік жастығы секілді. Және қазір, бәлкім, олардың бір бөлігін экономиканы дамыту үшін, атап айтқанда, ұзақ инфрақұрылымдық жобаларға салуға пайдаланатын уақыт жеткен шығар. 

 Асықпай тездет 

- Батыс пен Ресейдің санкциялық қарама-қарсылығы туралы бір сұрақ. Белгілі болып отырғандай, батыс елдері жекелеген ресейлік азаматтарға қарсы санкцияларымен шектеліп қалмады – ресейлік ірі компаниялар мен мембанкілер де соққы астында қалды. Енді халықаралық капитал нарығына деген жол олар үшін тыйым салынған. Осы нарықтарға қолжетімділік тұрғысынан біздің компанияларға бұл кері әсерін тигізбеді ме, себебі Қазақстан КО мен БЭК қатысушысы болып табылады ғой? 

- Қазақстан мен біздің компаниялар үшін Ресейге қарсы батыс санкцияларының кері салдарын біз әзірге көріп отырған жоқпыз. Мемлекеттің еуро облигацияларды орналастыруы соған жарқын дәлел бола алады. $1 млрд шығарылымға орналастыру датасына деген сұраныс $12 млрд-ты құрады. Оған қоса, олардың орналастыру бағасы өте төмен, ал мерзімі – ұзақ болды, яғни дәл – 30 жыл. Бұл нені білдіреді? Бұл бүгінде инвесторлардың Қазақстан мен Ресейдің арасында айқын айырма бар екенін біліп отырғанын анық білдіреді. Олар біздің республикаға позитивтірек қарайды, себебі, мысалы, бізде тіпті екі жылдан кейін ғана болса да, мемқаржыға жағымды әсер ете алатын Қашаған жобасы бар. 

- Ал ресейлік Орталық банктің жаңа валюталық саясаты туралы не айтуға болады? Рубльді еркін жүзуге жіберу қаншалықты ақталды? 

 - Рубльді еркін жүзуге жіберу қаншалықты дұрыс болғанын талдап, пікір айту маған өте қиын. Неліктен? Себебі қазір ресейлік экономиканың тұралауы байқалуда, ресейлік валютаның мықты әлсіреуі салдарынан сатып алу қабілеттілігі құлап барады. Және бұл Ресейдің де импортқа тым тәуелді екендігінен. Бұл тамақ өнімдері, бұл құрылғы және т.б. Нәтижесінде инфляция өсіп келеді. Ресейде біздің еншілес банкіміз бар, және соның қызметкерлері маған ол жақтағы бағалардың бірер есеге өсіп кеткенін айтып жатыр. Мәселен, тек тауық құнының өзі 300%-ға ұлғайды. Сондықтан, бір жағынан, ресейлік Орталық банктің жаңа валюталық бағамы позитивті қадам болды деп айта алмаймын. Бірақ басқа жағынан, оның ауыр экономикалық жағдаймен қатар, Украинадағы соғыс, батыс санкциялары секілді саяси себептерден туындағанын жоққа шығармаймын. Мүмкін, бұл факторлардың қабатталуы орын алған шығар, бірақ оның қайсысы негізгі болғанын талдап жатпаймын. 

- Ендеше сіз КО, БЭК аясында, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де олардың қатысушы елдерінің әлі күнге дейін бірыңғай валюталық саясат жасап шығармағанына қалай қарайсыз, ол туралы көп айтылды емес пе? Ені қарап отырсаң Ресей рубльді еркін жүзуге жіберіп бір жолмен, Қазақстан – Ұлттық банктің белгілеген деңгейінде бағамды қатты ұстай отырып басқа жолмен жүріп келеді ғой. Ал осы нәрсе бөліп жібермей ме араларды? Бұл интеграция қисынына қарсы келмей ме? 

- Бірыңғай валюталық саясаттың жоқтығынан мен позитивті көремін, себебі, егер интеграцияға өте жылдам жүгіретін болсаң, онда төмен құлдырайсың. Біз Ресейден әлдеқайда әлсізбіз: экономика ауқымы жөнінен де, нарықтық шама жөнінен де, өндіріс деңгейі жөнінен де, халық саны жөнінен де т.б. Бұл тұрғыда біз Ресейге бәсекелес емеспіз. Бірақ осының өзінде шағын ұлттық парламент, бірыңғай төлем жүйесін құру туралы әңгімелер жүріп жатыр. Десек те біз жиырма жылдан астам уақыт бойы өз бетімізше өз тәуелсіздігімізді тамаша құрып келдік емес пе, оны қазір неге жоғалтуымыз керек? Сол себепті де барлығын таразылап, ақырын жүріп, анық баса отырып, біртіндеп және абайлап жасау керек деп ойлаймын. Иә, одақтар қажет, альянстар қажет. Жеке басым – барлығымен достықты қолдаймын, бірақ тек өзара мүдделердің негізінде ғана. 

 - Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage