Үміт Шаяхметова: екі девальвациядан зардап шеккен ипотека алушыларға қолдау көрсету керек

Алматы. 2 қыркүйек. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Проблемалы несиелердің көп болуы салдарынан банк саласындағы жағдай мәз емес. Валюта нарығындағы статус-кво да, қазақстандық экономиканың өсу қарқынының баяулауы да алаңдаушылық тудырады. Ал реттеушінің несие алушыларды ынталандыру бойынша қол қусырып отырғаны қызық болып көрінеді. Біз Қазақстан Халық банкі басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметовадан банк жүйесінің жағдайы мен ұлттық банк саясатына баға беруін сұрадық.

 - Үміт Болатханқызы, жақында Астанада 2030 жылға дейінгі қаржы саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы қарастырылды. Сіз оны қалай бағалар едіңіз?

 - Бүгінгі таңда тұжырымдаманы қабылдауға болады, дегенмен оны соңына дейін егжей-тежайлі қаралған деп айтуға болмайды, әсіресе, бағалы қағаздар нарығы, банкілік және сақтандыру саласы бөлігінде. Сондықтан біз оны әлі де қарау керек деп санаймыз.

 - Ал тұжырым жобасының мәтіні бойынша Ұлттық банктің ақшалай-несиелік реттеуі қалай болатынын бағамдауға бола ма? Және сіз оның валюталық саясаты туралы не ойлайсыз? 

 - Ұлттық банктің ақшлай-несиелік саясаты туралы тұжырымдамада ешқандай сөз қозғалмаған. Дегенмен ретеуші бұл мәселе бойынша жеке құжат жариялайтын болады деген шешім қабылданды. Сұрақтың екіншісіне келер болсақ, мәселен, Ресейде инфляциялық шектеу жүргізілуде. Осыған байланысты олар Ресей рублі бағамының барынша еркін қалыптасуына жағдай жасауда. Қазір ол нарық ережесіне сәйкес қалыптасуда. 
 Қазақстанда 182 теңге деңгейінде доллар бағамын белгілеген кезде жағдай мүлдем басқаша қалыптасты. Яғни валюталық шектеу жүрді, оның басты мақсаты - айырбас бағамын нақты бір деңгейде ұстап тұру. Бұл біздің түсініспеушілігімізді тудырып отыр. Мұндай саясат жағдайында валюталық нарық болмайды, себебі теңге бағамы белгіленді. Сондықтан ол Ұлттық банктің алтын валюталы резерві бойынша жағдайды толық көрсетпейді. Мәселен, менің бағалауымша, теңгеге жасалған соңғы шабуыл (шілденің аяғы - тамыздың басы - ҚазТАГ) Ұлттық банкке 4 млрд долларға шықты. Яғни бұл соманы ол теңге бағамын осыған дейінгі шекті деңгейде ұстауға жұмсаған. Алайда, бізге нарық қатысушылары ретінде ақшалай-несие саясатының қалай болатынын және оның неге бағдарланатынын: бағамға ма, пайыздық жарналарға ма, немесе инфляция ма - түсіну маңызды. 

 - Ұлттық банктің орталық банк болып табылмайтыны құпия емес. Яғни ол соңғы сатыдағы кредитор міндетін белсенді атқармайды, негізінен валюталық басқару саясатын жүргізе отырып, айырбас ретінде қалып отыр. Неге бұлай болып жатыр? Реттеуші нендей себептерге байланысты ресейлік монетарлық билікке қарағанда да пассивті саясат жүргізуде? 

 - Иә, мәселен, ресейлік Орталық банк банк саласына белсенді көмектесіп жатыр. Санкциялар енгізілген жағдайда Ресей Банкі қажет болған жағдайда банктерге қолдау көрсететіні туралы мәлімдеді, және ресейлік реттеуші тарапынан бұл салаға үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын көріп отырмыз. Яғни, ол әркез банк саласына көмек көрсетіп келді, соның ішінде дағдарыс кезінде де. Бұл ретте банктерге белсенді түрде қолдау көрсету бойынша Ұлттық банк консерваторлық көзқараста. Иә, ол РЕПО нарығына қатысу арқылы көмек көрсетуде. Алайда кепілсіз қаржыландыруды ол үш банк - Центр кредит банк, kaspi және Альянс - sms-шабуылдарға тап болғанда ғана қолданды. Сол кезде реттеуші олардың әрқайсысына шамамен 100 млрд теңге бөлді. Менің білуімше бұл ақшалар әлі қайтарылмаған. Сол банктер БЗЖҚ-дан да қаржылындырылып отыр. Яғни Ұлттық банк тарапынан қорландыру жүріп жатыр. 

 - Дегенмен реттеуші отандық қаржы институттары үшін қарыз капиталының жаһандық нарықтағы қолайсыз жағдайына, Ресейге қарсы салынған санкцияларға, экономикадағы ұзын ақшалардың тапшылығына қарамастан пассивті ақшалай-несиелік саясатты жүргізуді жалғастырып, өз мүмкіндігін толығымен пайдаланбай отыр, оның ішінде қайта қаржыландыру жарнасы бойынша банктере несие беру бойынша да. Неге? 

 - Мәселе қорландыру көзі мен қарыз алушылардың сапасында болып отыр. Ақша экономикаға салынуы керек, ал шектен тыс қаржыландыру алып-сатарлыққа алып келеді. Бұл жаман, себебі олар инфляцияны ысырып, айырбас бағамының тұрақтылығына қауіп тудырады Бір жағынан сапалы қарызгерлерге қатысы да мәселе бар. Көріп отырғанымыздай, тіпті ипотекалық нарық та тарылып барады, себебі ипотека жарнасы жоғары. Тіпті 12% болғанда да - бұл қымбат. Ақша құны мен ипотекалық несие бойынша оны өтеу сомасына қарар болсақ, пайыздан түсетін түсімнің негізгі қарыздың көлеміне сәйкес келетінін көруге болады. Әрине бұл әділетсіздік. 
Егер ипотека бойынша жарна батыстағыдай 1-2% деңгейінде болса, онда қайта қаржыландыру жарнасы үлкен рөл ойнар еді. Ұзақмерзімді корпоративті жобаларды несиелеу бойынша да ұқсас жағдай. Бүгінде несиелеуге болатындай, олардың саны жоқ. Оның үстіне қауіптер бар. Көптеген жобалар өзіндік құны бойынша өте қымбат, инфрақұрылымға көп шығын керек және т.б. Сондықтан мәселе тек Ұлттық банкте ғана емес. Бұл мәселемен үкіметтің де айналысқаны жөн: бизнесті дамыту үшін макроэкономикалық жағдайды меңгертіп, жақсарту, ал Ұлттық банк тиісті монетарлық саясатты ұсыну керек.

 - Ұлттық банктің валюта саясатына қайта оралсақ. Мәселен, 2009 жылғы ақпандағы девальвациядан кейін алтын валюталы резерві қарқынды өсті, ал биылғы ақпандағы девальвациядан кейін оны байқай алмай отырмыз. Бір жағынан біз экономикалық өсімнің тежелуін байқап отырмыз. Сарапшылардың болжамынша ағымдағы жылғы төлем балансының сальдосы тағы да теріс болып шығады, тіпті 2013 жылдың қорытындысынан да көп болады. Осындай жағдайда жаңа девальвация қаупі қаншалықты жоғары? 

 - Өзінің соңғы есебінде ХВҚ теңгені мықты құнсыздандыруға ( 20% дейін - ҚазТАГ) негіз болған жоқтығын мәлімдеді, себебі ұлттық валюта оның сарапшыларының есебінше 3% ғана артық бағаланды. Сондықтан біздің қорымыз үлкен. Тіпті валюта дәлізінің төменгі шегін кеңейту бойынша да мәселе көтеріліп жатыр. Дегенмен Ұлттық банктің нарыққа қандай месседж ұсынғысы келетіні бізге түсініксіз. Кеден одағы мен ЕЭК, біз Ресейдегі жағдайдың қалай өрбитініне де қатты тәуелдіміз. Өте нашар сценарийлер де бар. 

 - Ол қандай сценарийлер?

 - Мен үшін ең нашар сценарий, Ресейдің капиталдың кетуіне бақылау енгізуі. Бірақ бұл ең соңғы шара, ол жүзеге асырылған жағдайда өткен ғасырдың 80-90 жылдарына кетуді білдіреді. Әңгіме не жайында? Ресей билігі рубльдің айырбасталымына шектеу енгізуі мүмкін, бұл ретте компанияның айырбастау бойынша мүмкіндіктері экспорттық келісімдермен шектеледі. Сонда бұл жағдайда рубль мен оның өтімділігіне қатты қысым болмайды, себебі доллардың тек шектелген санын ғана сатып алуға болады. Бірақ бұл ақырғы қадам және нашар шара.

 - Банк саласы үшін тағы бір өзекті мәселе. Ұлттық банк сапасыз активтер мәселесін шешу үшін нақты шаралар қабылдауда. Олардың ішінде қайсысын позитивті ретінде атар едіңіз? Және сіз басқарып отырған банк қандай қосымша шаралар ұсынды?

 - Позитив ретінде проблемалы несиелерін жапқан жағдайда салықтық босаңдық жасау туралы шешімін айтуға болады. Біз оны пайдаландық. Дегенмен бір «бірақ» бар. Проблемалы несиелерін жою үшін жұмыс жасамайтын қарыз бойынша 100%-дық сақтық қоры болу керек. Сондықтан басқа банктер де нашар несиелерін неге белсенді түрде жаппайды деген сұраққа олардың барлығында 100% сақтық қорының болмауы себеп болып отыр деуге болады. ЖТС бойынша да босаңсытуды сұраған едік, себебі бұл ипотека алушыларға да қатысты. Яғни біз үкіметтен де, Ұлттық банктен де жеке тұлғаға берген несиені жапқан жағдайда 10% салық төлемеуді сұраған едік. Себебі қазір ондай қарызды жабу үшін бізге жеке тұлға үшін ЖТС пен КТС төлеу керек. Сондықтан банктер тек басқа жол болмаған жағдайда ғана жеке тұлғалардың несиелерін жабуға барады. Яғни мемлекетте банктердің проблемалы активтерді жоюына қажетті қолданатын қосымша шаралары бар. Және олар қабылданатын болады деп үміттенемін. 

Екінші сәт. Біз екі рет девальвацияға ұшыраған, 120 шаршы метрден аспайтын бір ғана үйі бар және т.б.әлеуметтік тұрғыдан әлсіз ипотека алушылар санатын қолдауды ұсынған болатынбыз. Яғни бұл адардар тобын анықтау өте оңай. Солар үшін біз проблемалы несиелер қорынан 250 млрд. теңге бөлуді ұсынған едік. Екі девальвациядан шеккен шығындарын өтеу үшін. Бұл әділ болар еді. Бұл ретте біз өз тарапымыздан маржадан бас тартуға дайынбыз. Бұл шараларды мен екі ай бұрын Ұлттық банкте айттым. Әзірге ешқандай әрекет жоқ.

 - Белгілі болғандай, Ұлттық банк проблемалы несие деңгейіне лимит белгіледі. Реттеушінің талабы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына ол 10% аспауы керек. Банктердің оны орындай алуы қаншалықты шындыққа жанасады? 

 - Проблемалы несиелері 20% құрайтын банктер үшін Ұлттық банк талабын орындауға болады. Ал проблемалы несиелер деңгейі 30% болатын банктердің оны орындай алуы неғайбыл. 

 - Ал жалпы осы сала бойынша проблемалы несиелердің 30% асатынын ескерсек, проблемалы несиелер қорынан бөлінген 250 млрд нашар активтер жағдайын түбегейлі өзгертуге көмектесе ала ма?

 - Бұл аз. Сосын ол БТА банк пен Қазкоммерцбанкке бөлінеді деп айтып жатыр. Бұған да біз келіспейміз. Біз бұл ақшалар адал, ашық және әділ бөлінуі керек деп есептейміз. Неге ол ақшаның бір бөлігімен ипотека алғандарға көмектеспеске? 

 - Сұхбатыңызға рахмет!

adimage