Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның аралас жекпе-жектен (MMA) чемпионы Әсем Жакенова допинг үшін төрт жылға cпорттан шеттетілді, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінен.
«Ресми сайттағы тізімде каноеші Валерия Копущу мен ММА өкілі Әсем Жәкенованың қан сараптамасынан тыйым салынған дәрілер табылғаны көрсетілген. Валерия Копущудің сынамасынан қолдануға тыйы салынған оралтуринабол табылды. Сынама жарыстан тыс кезде алынған. Спортшы 4 жылға жарыстардан шеттетілді. Ал Әсем Жәкенова мельдоний қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан аластатылды. Спорттан аластатылу мерзімі 2019 жылдың 11 наурызы – 2023 жылдың 11 наурызы», - деп хабарлады сәрсенбіде ҰОК-нен.
MMA чемпионы Әсем Жакенова допинг үшін төрт жылға жарыстан шеттетілді
