Монополиялық жоғары бағаларды қойғаны үшін «Қазтелерадиодан» Т160млн астам қаржы тәркіленді

Күні: 14:26, 11-10-2018.

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ - Монополиялық жоғары бағаларды қойғаны үшін «Қазтелерадиодан» Т160 млн астам қаржы тәркіленді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚК баспасөз қызметінен.  
«Комитет «Қазтелерадио» АҚ-ға (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізді», - делінген комитет сайтындағы хабарда.  
Қоғамның әрекеттерінде телекоммуникациялық жабдықты сақтау жөніндегі қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеуден, ұстап тұрудан көрінген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі анықталды.
2018 жылғы 31 шілдедегі қаулымен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қоғамды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 160 911 109,64 теңге монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, 11 618 205,36 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды (қазіргі кезде заңды күшіне енді). делінген хабарда
Бұдан басқа, Қоғамның атына Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарылды.


Жаңалықтармен бөлісу: