Петропавл. 14 тамыз. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен үш жасар бала құлап, көз жұмды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«13 тамызда Саумалкөл аудан орталығында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден 2017 жылғы бүлдіршін құлады. Оқиға орнына келіп жеткен жедел-жәрдем бригадасы бүлдіршіннің қайтыс болғанын анықтады», - деді СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Игорь Жуков жұмадағы брифингте.
Оның ақпарынша, бұл кезде баланың анасы келесі бөлмеде болған.
«Олар мультфильм қарау үшін ноутбукті қосуға қажет қуаттандырғыш құралын бірге іздеген. Бала оны терезенің алдынан көрген, сөйтіп алмақ болып, терезенің алдына шығып, ашық терезенің москит торына сүйенген. Баланың салмағын көтермеген тор ашылып кетіп, бүлдіршін жерге құлаған», - деді жағдайды түсіндірген Жуков.
Оның айтуынша, бұл ағымдағы жылғы алғашқы жағдай. 2019 жылы облыста мұндай жағдайдан төрт бала қайтыс болған.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34