Мыңнан астам қазақстандық Урал федералды университетінде оқып жатыр – ректор

Күні: 18:41, 04-04-2019.

Алматы. 4 сәуір. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанның бес мыңнан астам азаматы ресейлік Урал федералды университетінде оқып жатыр, деп хабарлады университет ректоры Виктор Кокшаров.
«Урал федералды университетінде Қазақстанның 1100 азаматы оқып жатыр, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Гумилев атындағы Еуразия университетімен бірге екі диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда», - деді Кокшаров Алматыда бейсенбіде өткен «Қазақстанның экспортқа негізделген индустриализциясының негізі ретіндегі жаратылыстану ғылымы саласындағы инновация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференияда.
Оның айтуынша, қазақстандық жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының президенті Нұртай Әбіқаев - Урал федералды университетінің түлегі.
«Соңғы төрт жылда нақты капиталды басқарудан түскен 1,5 млн рублден астам қаржы ҚР студент-азаматтарының шәкіртақылары мен ғылыми гранттарына жұмсалады», - деді Кокшаров.
Қолда бар бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардан басқа 2019 жылдың шілдесінде университет қазақстандық кәсіпорын және ғылыми мекемелермен бірқатар келісімдер мен мәмілеге қол қояды деп күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: