Мыс балқыту өндірісі Балқаш көлін құртуда – Олжас Сүлейменов

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Мыс балқыту өндірісі салдарынан Қазақстан Балқаш көлін жоғалтып алуы мүмкін, деп ескертті ақын Олжас Сүлейменов.
«Кеше біз Семей ядролық полигонында сынақтың тоқтау күнін өткіздік. 1989 жылы 19 қазанда соңғы рет жарылыс болды. Бұл маңызды күн. Және «невадалықтар» осы күннің құрметіне Қазақстанды аралап шықты, елдегі ең ластанған жерлерді аралады және Балқаш қаласында көргендерін жеткізді. Олар Балқаш көлінің, біздің інжуіміздің қалай жойылып бара жатқанын көріпті. Мыс балқыту өндірісінің әлдекімдерге керек болғаны соншалық. Оның қаншалықты керек екенін білмеймін, тіпті сол үшін Балқаш көлін құрпақ», - деді Сүлейменов «Адамзат, Жерге басыңды іи: рухтанған экология планетаны сақтаудың негізі ретінде» атты Алматыдағы Евразия мәдениеттерін жақындастырудың үшінші халықаралық форумының кулуарында..
Ол табиғатты құртуға деген қарсылық бала күнінен бастап адам бойында сіңірілу керек екенін атап өтті.
«Экологиялық білім қарапайым заттардан басталады – тамақ ішер алдында қолыңды жуу, жерге қоқыс тастамау және т.б. Әлбетте, біз үйілген қоқысты көргенде, ауаны, жерді, суды ластап жатқан миллиондаған тонна өндірістік қалдықтарды көргенде экологиялық біліміміз іске қосылуы керек. Біз бірден оған қарсылық танытуымыз керек. Сондықтан экологиялық білім бала кезден басталып, өмір бойы жалғасуы тиіс. Бұл туралы ұмытпағанымыз абзал», - деді Сүлейменов.

adimage