Мысырда әлемнің жетекші исламдық ЖОО-да Абай орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Мысырдағы «Аль-Азхар» танымал университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Елші (Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев – ҚазТАГ) «Аль-Азхар» университетінде Абай орталығын ашуды және оқыту бағдарламасына «қазақ тілі» мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мухаммед аль-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдады және өз тарапынан оның жүзеге асуына қолдау көрсететінін жеткізді», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР СІМ Исағалиевтің аль-Махрасауимен кездесу қорытындысы бойынша.
Хабарда атап өтілгендей, бұл бағыттағы жұмыс Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге жүргізілетін болады.
Еске салсақ, қазақстандықтар 2020 жылы мемлекеттік деңгейде ұлы қазақ ақыны, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығын атап өтуге дайындалуда.
«Аль-Азхар» университеті әлемдегі ең байырғы және ең беделді ислам ЖОО болып табылады.

adimage