Әмзебек ЖОЛШЫБЕКОВ, мәжіліс депутаты: «Халқымыздың Назарбаевтың тарихи тұлғасына оның көзі тірі кезінде баға бергенін қалаймыз»

Астана. 7 мамыр. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстан парламентінің депутаттары президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ұлт Көшбасшысы» мәртебесін беруді қарастыратын түзетулерді қарауға кірісті. Заң жобасын әзірлеу бастамасын көтергендердің бірі – мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков. Ол ҚазТАГ агенттігіне халық қалаулылары ұсынып отырған түзетулердің мәнін түсіндіріп берді. 6 шілдеде Н. Назарбаев 70 жасқа толатыны белгілі.
 
- Бұл бастамаларыңызды мемлекет басшысының әкімшілігі қолдап отыр ма?
 
- Ашық айтатын болсақ, дәл қазір бұл өзгертулердің мемлекет басшысына еш қажеті жоқ. Біз оған ресми түрде хабарлаған жоқпыз. Жасағанымыз туралы жария еттік, бізге қосылуды немесе көмектесуді сұраған жоқпыз. Заң шығару институты ғылыми-заңгерлік сараптама жүргізіп, түзетулер заңнамаға сәйкес келетіні туралы шешім шығарды. Үкімет те түзетулердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетіні туралы қорытынды жасады. Яғни іргетасымыз мықты. Бірақ заң жобалары толықтырылып, өзгертілуі де мүмкін.
Әзірге президенттің әкімшілігі жаман, жақсы деген жоқ. Бірақ біз олардың бағалауын күтіп отырған жоқпыз. Бұл – біз жасаған ұсыныс, екіншіден, депутат ретінде заң шығаруға бастама көтеру құқығымыз. Біз мойнымызға осындай жауапкершілік алып отырмыз. Әрине, бәрі бірдей басымыздан сипай қоймас.
 
- Демек, бұл президент әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының бастамасы емес қой?
 
- Біз әкімшілікпен де, партия басшылығымен де кеңескен жоқпыз деп нақты айта аламын. Біз халқымыздың Назарбаевтың тарихи тұлғасына оның көзі тірі кезінде нақты баға бергенін қалаймыз. Қазір бізге артықшылықтар, қол сұқпаушылық, мүлік дегендерге нұсқап, түртіп жатыр. Мұны ойлап тапқан біз емес, ол заңнамада бұрыннан бар, тіпті басқа мемлекеттердің де заңдарында да бар. Американың өзінде экс-президент туралы заң бар, онда зейнетақыдан басқа, қол сұқпаушылық, күзет, жалақы сияқты барлық жеңілдіктер қарастырылған. 2001 жылы Ресейде экс-президент және оның отбасы мүшелері туралы заң қабылданды. 1934 жылы Түркия парламенті Мұстафа Кемалға «Ататүрік» халық атағын беру туралы шешім қабылдады. Біз осыны негізге алып отырмыз. Адамның көзі тірісінде оның жақсылығы туралы айтуға ұяламыз. Бұл – ұлы адам.
 
- Президент сіздің ұсынысыңызды қолдамауы мүмкін екенін жоққа шығармайсыз ба?
 
- Жоққа шығармаймын. Мүмкін, бірден кесіп айтатын да шығар. Біз бұл бастаманы оның мерейтойына арнап көтерген жоқпыз. Бұл қатардағы үш депутаттың жеке пікірі емес, бұл - Қазақстанда тұратын саналы адамдардың үні. Сайлаушылар бәрін өз атымен атауды өтініп отыр.
 
- Сіздер ұсынып отырған түзетулер Қазақстандағы президенттік басқаруды өзгертуді қарастыра ма?
 
- Жоқ. Мүлдем олай емес. Біз еліміздің тұңғыш президентіне ұлт көшбасшысы мәртебесін береміз, бар болғаны осы ғана.
 
- Сіз заң жобалары еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша бастамаларды тұңғыш президентпен келісу қажеттігін қарастыратынын айттыңыз. Кім келісу керек?
 
- Тұңғыш президент – ұлт лидерінің Қазақстан халқының ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығы бар. Кейін болашақ президент, парламент елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша онымен кеңесетін болады.
 
- Оларды бұл бағыттарды келісуге міндеттей ме?
 
- Егер бұл  түзетулер қабылданса, тұңғыш президент өз пікірін білдіруге құқылы, бірақ нұсқай алмайды. Оның ондай құқығы болмайды. Егер шешімді парламент қабылдаса, соңғы сөзді сол айтады.
 
- Бұл түзетулермен Қазақстанда президентті сайлау әдісін өзгерту жоспарланып отырған жоқ па?
 
- Жоқ.
 
- Президент өз пікірін білдіре алатын «ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» деген не?
 
- Бұл - соғыс немесе бітімге келу, қандай да бір блокқа қосылу мәселелері. Яғни, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттарын пысықтау кезінде өмірлік тәжірибесін, тұңғыш басшы ретіндегі тәжірибесін, беделін ескере отырып, тұңғыш президентпен кеңесетін болады.
 
- Лауазымды тұлғаларды тағайындауға мұның қатысы бар ма?
 
- Жоқ. Біз дайындаған заң жобасында тағайындау құқығына кімнің ие екендігі нақты жазылған. Бұл тұрғыда ешқандай өзгертулер енгізбейміз.
 
Сіздер бұл заң жобаларын осы парламенттік сессия аяқталғанша, яғни шілде айына дейін қарап, мақұлдауды жоспарлап отырсыз ба?
 
- 5 мамырда кеңейтілген отырысты барлық комитеттер заң жобалары бойынша қорытындыларын 25 маусымға дейін әзірлеу керек деген шешім қабылданды. Бірақ парламент заңдарды осы сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын. Залдың реакциясын, депутаттардың жұмысқа қызу кіріскенін ескерсек, мүмкін мамыр айының соңына дейін де. Мұндай мәселені ұзаққа созбалаудың қажеті қанша? Тіпті дайын заң жобаларының жетіспеушілігі қатты сезіліп тұрған шақта.
Біз әзірлеп, ұсынған заң жобасы соңғы инстанцияның ақиқаты емес. Біз бұған үміттенбейміз де. Бізді түзетудің, тіпті бізбен мүлдем келіспеудің көптеген амалдары бар. Тұтастай парламентті айтпағанда, біздің палатаның өз ішінде де  …


adimage