Н.Назарбаев Иорданиямен қылмыстық істерге және сотталғандарды экстрадициялауға көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойды

Күні: 17:14, 05-03-2019.

Алматы. 5 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының және Иордан Хашимит Корольдігінің арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Мәжілістің қорытындысында айтылғандай, заңның негізгі мақсаты қылмыстық істер бойынша тергеу, қылмыстық қудалау және сот ісін жүргізуде уағдаласушы мемлекеттерге көмек көрсету болып табылады. Құжат сондай-ақ тараптардың өз азаматтарын беруден бас тарту құқықтарын реттейді.


Жаңалықтармен бөлісу: