Нұрәлі Әлиев "Транстелеком " АҚ сатылуына байланысты басшылық өкілеттігін тоқтатты

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ - Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев компанияның сатылуына байланысты "Транстелеком" АҚ Директорлар кеңесі төрағалығынан кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Транстелеком" АҚ-да 10 жылдан астам жұмыс істеген екенмін, енді компанияның сатылуына байланысты акционерлер құрамынан шығып, Директорлар кеңесі төрағасының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым", - деп жазды Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, 2023 жылдың 31 мамырында мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Дариға Назарбаева мен оның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың балалары туралы айта келе, клептократтар елден $150 млрд. асырғанын мәлімдеген еді.

Оған қоса ол Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевке қатысты сұрақтар қойды.

"Сіз «Транстелеком" стратегиялық маңызды компаниясының экс-президент Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының құрамынан іс жүзінде тегін берілгенін қалай бағалайсыз? Құны Т210 млрд және жылдық табысы Т80-90 млрд болатын ұлттық мүлік тек Т18,45 млрд-қа сатылды. Енді менің сұрағым келесідей: "Транстелеком" Нұрәлі Әлиевке 2015 жылы Т587 млн, 2016 жылы – Т940 млн дивидендтер түрінде төледі, 2017 жылы ол Т500 мөлшерінде дивидендтер төледі. 2022 жылы төленген дивиденд Т2, 4 млрд. құрады. Енді заңсыз төленген көп мөлшердегі ақшаны қалай қайтаруға болады?"- деп сұрады Бапи сол кезде.

2023 жылғы 5 шілдеде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұрәлі Әлиевтің бақылауындағы "Транстелеком" бәсекелестермен шарттарды бұзуға шақырғанын хабарлады, бұл заң бұзушылық болып табылады.

Сол кезде журналист Әсет Матаев "ескі Қазақстанның" ықпалының артуы мемлекеттілікке қауіп төндіреді деген пікірін білдірген еді.

adimage