Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанға Қытайдан 1 мың оттегі концентраторы жеткізілді, деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметінен.
«Елорда әуежайына 1 мың оттегі концентраторы жеткізілді. 1 мың дана оттегі концентраторы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының медициналық мекемелеріне арналған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш аппараттар «Шұғыла» қоғамдық қоры жинаған қаражатқа сатып алынған.
«Бұл Қазақстанға жеткізілген оттегі концентраторларының үшінші партиясы. Алғашқы екі партиясы Алматыға, Атырау мен Шымкентке жеткізілген. Қор барлығы 4 мың дана оттегі концентраторын сатып алған. Қор аппараттарды жеткізуді 22 шілдеден бастап жүзеге асырып келеді. Рейс Сиань қаласынан келген, шамамен 30 тонна жүк», - деді әуежайдың баспасөз қызметінен.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34