Нұр-Сұлтанға жолаушылар әкелген таксист коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанға жолаушылар әкелген таксист коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады елорданың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.
«25 наурызға қараған түні Талапкер ауылы маңында елорданың екі тұрғыны блокбекет арқылы өтпек болған. Бұған дейін олар Мальдивада демалған (16 санатқа жатады) – Нұр-Сұлтанға Қостанай облысынан таксимен келген. Таксист екі жолаушыны блокбекеттің өзіне жетпей түсіріп кеткен. Блокбекетте медқызметкерлер мен полицейлер азаматтардың кім екенін анықтап, қажетті шараларды қабылдаған – азаматтар шұғыл түрде стационарға жеткізілді, олардан коронавирустық инфекцияға талдаулар алынды. Таксисттің өзін Петропавлда ұстады, ол да стационарға жеткізілді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 88 жағдайы тіркелген. 25 наурызда белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған екі қазақстандық емделіп шыққан.

adimage