Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Күні: 18:20, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. КазТАГ – Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.
«Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, «Есіл» ауданының әкімі қызметіне Берік Жакеновтің кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Жакенов 2016 жылғы қазаннан бастап осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы болды, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде қызмет етіп, кейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарырарқа» ауданы бойынша Салық басқармасын басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: