Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастырды

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастырды, деп хабарлады Kurs.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т377,4, сату - Т378,9 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т377,9, сату – Т379,5.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т378, ал сату - Т378,7.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т377,86 құрады.

adimage