Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т378,9, сату - Т380,3 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т378,7, сату – Т380,4.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т379,3, ал сату - Т380,7.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т379,65 құрайды.

adimage