Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап өсті

Күні: 09:51, 22-01-2020.

Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап өсті, деп хабарлады Kurs.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т375,5, сату - Т377,3 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т376,3, сату – Т377,9.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т377,2, ал сату - Т377,8.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т376,42 құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: