Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлады Kurs.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т378, сату - Т379 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т378,3, сату – Т379,8.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т378,4, ал сату - Т379,4.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т378,36 құрады.

adimage