Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді

Күні: 09:29, 29-07-2019.

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т383,4, сату - Т385,4 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т384,8, сату – Т386,4.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т385,4, ал сату - Т386,5.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т384,92 құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: