Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы арзандауын жалғастырды

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы арзандауын жалғастырды, деп хабарлады Kurs.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т375,6, сату - Т377,4 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т376,3, сату – Т377,8.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т377,2, ал сату - Т378,1.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т376,51 құрады.

adimage