Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ақша айырбастау пункттерінде доллар арзандады

Күні: 09:21, 16-09-2019.

Алматы. 16 қыркүйек. ҚазТАГ - Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ақша айырбастау пункттеріндегі мәліметтер бойынша сенбідегімен салысьырғанда доллар бағасы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пункттерінде 1 доллардың орташа сатып алу бағасы Т385,6 сатылым – 387,2 теңгені құрады.
Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде орташа есеппен 1 доллар 384,4 теңгеден сатып алынып, 387,1 теңгеден сатылуда.
Шымкенттің ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар - Т386,1 теңгеден сатып алынып, сатылымы – 387,5 теңгені құрайды.
Қазақстан Ұлттық банкі дүйсенбіде бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы - Т386,71 құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: