Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастырды

Күні: 13:12, 17-01-2020.

Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастырды, деп хабарлады Kurs.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т377,6, сату - Т379,4 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т377,1, сату – Т378,7.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т378, ал сату - Т379,1.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т377,75 құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: