Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап арзандады

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап арзандады, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т377,2, сату - Т379,2 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т377,5, сату – Т379,4.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т378,4, ал сату - Т379,6.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т378,38 құрайды.

adimage