Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап қымбаттады

Күні: 10:20, 02-07-2019.

Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы аздап қымбаттады, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т380, сату - Т381,8 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т380,7, сату – Т382,3.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т380, ал сату - Т382.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т380,67 құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: