Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастыруда

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастыруда, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т387, сату - Т388,2 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т387,8, сату – Т389,4.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т387,5, ал сату - Т388,3.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т386,94 құрады.

adimage