Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т378,5, сату - Т379,9 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т378,6, сату – Т380,3.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т378,5, ал сату - Т379,7.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т378,01 құрайды.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы түрлі бағытта өзгерді
