Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент бойынша сәрсенбі-жұмаға ауа райы болжамы ұсынылды

Астана. 16 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент бойынша сәрсенбі-жұмаға ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауа райы болжамы. 17 шілдеге: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы түнде +19+21, күндіз +31+33. 18-19 шілдеде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 5-10 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +28+30», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Алматыда 17 шілдеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы түнде +20+22, күндіз +33+35. 18-19 шілдеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы түнде +21+23, күндіз +34+36.
«Шымкент қаласы бойынша 17 шілдеде аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы түнде +20+22, күндіз +38+40. 18-19 шілдеде: адаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 метр/секунд жел тұрады. Ауа температурасы түнде +23+25, күндіз +39+41», - деді синоптиктер.


adimage