Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент бойынша сейсенбі-бейсенбі күндерге арналған ауа райы болжамы

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша сейсенбі-бейсенбі күндерге арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауа райы болжамы. 11 маусым: күн ала бұлтты, оқта-текте жаңбыр жауады, жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С. 12 маусым: күн алабұлтты, оқта-текте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С. 13 маусым: күн алабұлтты, оқта-текте жаңбыр жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Алматыда 11 маусымда күн алабұлтты, жаңбыр себелеп өтеді, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с, найзағай ойнағанда 13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С. 12 маусым: күн алабұлтты, жаңбыр себелеп өтеді, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай ойнағанда екпіні 13 м/с-қа жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С. 13 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.
«Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы. 11 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С. 12 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +30+32°С. 13 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +33+35°С», - деді синоптиктер.

adimage