Астана. 15 қазан. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтан автобустарында «қояндарға» Т42 млн айыппұл салынды, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС басқармасының төрағасы Бекмырза Игенбердинов.
«2019 жылдың 9 айында жолақысын төлемеген 8 284 адам (қояндар) анықталған. Айыппұл сомасы 10 қазандағы жағдай бойынша – Т41,859 млн», - деді Игенбердинов сейсенбіде «Қоғамдық көлік: реформалар және даму жолдары» конференциясында.
Сондай-ақ, ол жүргізушілер тарапынан орын алған бұзушылықтар мен оларға қатысты қабылданған шаралар туралы да айтты.
«ЖКО саны – 986, ЖЖЕ бұзу бойынша 923 шара қабылданған, олар бойынша айыппұл сомасы Т9,983 млн. сонымен қатар төрт жүргізуші алты айға көлік құралын басқару куәлігінен айырылды», - деді «Астана LRT ЖШС басқармасының төрағасы.
Сонымен қатар, Игенбердинов жүргізушілердің кінәсінен 150 адамның зардап шегіп, екеуінің көз жұмғанын жеткізді.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08