Нұр-Сұлтан билігі қарды күні-түні аршуға уәде берді

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қарды күні-түні аршуға уәде берді.
«Күні-түні жұмыс жасайтын (қар аршитын – ҚазТАГ) боламыз. (…) Қар әлі де жауады, сондықтан жағдайды мұқият бақылау керек. Біздің барлық күшіміз жұмылдырылады», - деді бейсенбі күні Көлгінов Нұр-Сұлтанда ҚазТАГ ХАА тілшісінің қала көшелерінің қардан қашан тазартылатыны туралы сұрағына берген жауабында ТЖД кулуарында.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда жауған қар айлық нормадан екі есе көп деп хабарлаған еді.

adimage