Нұр-Сұлтан COVID-19-ға қарсы вакцина алу жоспары бойынша артта қалғандар қатарында

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Нұр-Сұлтан мен Қазақстандағы екі облыс коронавирусты инфекцияға қарсы вакциналау жоспары бойынша артта қалды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Өңірлерде вакцина салудың күн сайынғы жоспарын мониторингілеу жүргізілуде. Үш өңір кестеден қалып келеді – Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау және Қарағанды облыстары», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, айдың соңына дейін 2 млн. азамат үшін вакцинаға қол жетімділікті қамту жоспарлануда.
«Вакцина салу қарқынының күшейтілгені байқалуда, вакцинамен қамту тәулігіне 70 мың адамға дейін жеткен», - деді министр.

adimage