Нұр-Сұлтан әкімдігі интернетте материал жариялауға Т77 млн жұмсамақ

Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан әкімдігі интернетте материал жариялауға Т77 млн жұмсамақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші - "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі»; атауы – бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – Елордалық мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық жариялау және мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін интернет-ресурстарда түсіндіру; жоспарлы сомасы – Т77 365 178,6», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лот сипаттамасында.
Конкурсқа қатысу үшін алдын-ала өтінім қабылдау 17 наурызда сағат 9.00-де басталады және 1 сәуір сағат 9.00-де аяқталады.
«Өнім беруші Тапсырыс берушінің келісімі бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихаты жүргізетін мемлекеттік саясатты түсіндіретін ақпараттық және шолу материалдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және жариялайды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мемлекеттік әлеуметтікэкономикалық саясаттың басым бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру барысын түсіндіру және жария ету», - делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.
Тех.ерекшелікке сәйкес, қызметтер 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін көрсетілуі керек.


adimage