Нұр-Сұлтан әкімі тағайындалды

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан әкімі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын», - делінген бейсенбіде Ақорда сайтында жарияланған құжатта.
Еске салсақ, бұл қызметте Көлгінов Бақыт Сұлтановтың орнына келді. Сұлтанов аталмыш қызметті 2018 жылдың қыркүйегінен бері атқарған еді.

adimage