Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында 20 рейс кешіктіріліп, 15-ке жуығы кейінге қалдырылды

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов/Динара Халдарова. Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында 20 рейс кешіктіріліп, 15-ке жуығы кейінге қалдырылды.
Елордалық әуежайдың онлайн-таблосындағы ақпарға сәйкес, Алматыдан келетін (Z9 2120 Bek Air) рейс пен Үрімшіден келетін (KC 288 Air Astana) рейстері кейінге қалдырылған; Қостанайдан (IQ 368 Qazaq Air), Омскіден (KC 280 Air Astana), Алматыдан (DV 713 Scat), Өскеменнен (DV 786 Scat), Инчхоннан (KC 210 Air Astana), Гуанчжоу Байюньнен (CZ 6013 China Southern Airlines), Варшавадан (LO 195 LOT Polish Airlines) келетін рейстер кешіктірілуде.
Сонымен қатар Алматыға (KC 672 Air Astana, KC 854 Air Astana және Z9 2101 Bek Air) ұшатын рейстер кейінге қалдырылған; Алматыға (DV 714 Scat), Үрімшіге (CZ 6014 China Southern Airlines), Варшаға ұшатын (LO 196 LOT Polish Airlines) рейстер кешіктірілуде.
Алматы әуежайындағы онлайн-табло ақпарына сәйкес, Нұр-Сұлтаннан (KC 856 Air Astana, KC 672 Air Astana, KC 854 Air Astana және Z9 2101 Bek Air), Үрімшіден (KC 988 Air Astana) келетін рейстер кейінге қалдырылды; Қостанайдан (DV 730 Scat), Өскеменнен (DV 726 Scat, KC 302 Air Astana), Нұр-Сұлтаннан (DV 714 Scat), Куала-Лумпурдан (KC 936 Air Astana), Дубайдан (KC 896 Air Astana), Санкт-Петербургтен келетін (KC 154 Air Astana) рейстер кешіктірілуде.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанға (KC 951 Air Astana, Z9 2120 Bek Air), Үрімшіге (KC 987 Air Astana), Қостанайға (DV 729 Scat) ұштан рейстер кейінге қалдырылып, ; Нұр-Сұлтанға (DV 713 Scat), Шымкентке (DV 706 Scat) ұшатын рейстер кешіктірілуде.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс жатыр. Басқа қалалардан рейстердің кеш келуіне байланысты ұшатын рейстер де кешіктірілуде», - деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан әуежайы баспасөз қызметінен ауа райының қолайсыздығынан елордаға келетін рейстердің кешігіп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Алматы әуежайының баспасөз қызметі рейстердің кейінге қалдырылуы мен кешігуіне екі себеп бар деп атап өтті.
«Рейстердің кейінге қалдырылу себептері өзгертілмейді. Бірінші себеп – борттардың кешігіп келуі. (…) Екінші себебі, экипаждар мен борттардың барлығы бірдей III B ICAO санаты бойынша сертификатталмаған. Бұл ретте әуежай осы жоғары санат бойынша сертификатталған. Біз жазықтық көрінімділік 75 м дейін төмендегенде де борттарды қабылдай аламыз, ал көрінімділік 125 м дейін төмендегенде ұшыра аламыз. Қазір жазықтық көрінімділік 600 м, яғни әуежай техникалық тұрғыдан толығымен дайын: белгі беру құралы, барлық инфрақұрылым қолайсыз ауа райы жағдайында жұмыс жасауға дайын. Алайда бұл жерде тағы бір талап орындалуы керек. Дәл сондай III B ICAO санаты экипаждар мен борттарда да болуы тиіс. Менде бұл санат қай әуекомпанияда қанша экипажда бар екені туралы ақпар жоқ», - деді Алматы халықаралық әужайының баспасөз хатшысы Наталья Соколова.
Сондай-ақ, Алматы әуежайында кейінге қалдырылған және кешіктірілген рейстердің ұшу уақыттарын нақтылады.
«Қазіргі таңда келесі рейстер кешіктірілуде: DV 729 Scat, Алматы – Қостанай, 23.20 9 желтоқсаннан 12.35 10 желтоқсанға ауыстырылған – Қостанайдағы метеожағдайға байланысты; КС 895 Air Astana, Алматы – Дубай, 7.40-тан 8.50-ге ауыстырылған – кеш келуіне байланысты; КС 301 Air Astana, Алматы – Өскемен, 12.25-тен 16.35-ке ауыстырылған – тех.себепке байланысты ә/к ауыстыру; КС 153 Air Astana, Алматы – Санкт-Петербург, 8.15-тен 10.10-ға ауыстырылған; DV 725 Scat, Алматы – Өскемен, 9.30-дан 11.10 –ға ауыстырылған – Өскемендегі метеожағдайға байланысты; DV 713 Scat, Алматы – Нұр-Сұлтан, 12.00-ден 13.00-ге ауыстырылған – ә/к кеш келуі; DV 706 Scat, Алматы – Шымкент, 17.00-ден 18.30-ға ауыстырылған – ә/к кеш келуі. Соған байланысты ертерек alaport.com халықаралық әуежай сайтынан кестені нақтылауды немесе өз қалаңыздағы әуекомпаниясының анықтамалығынан анықтауды ұсынамыз», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.


adimage